Бизнес

Форте банк ұсынған жоба қазақ тілін дамытуға үлкен үлесін қосып жатыр

Мемлекеттік тілге деген құрмет, қазақ тілінде жаппай қоғамның сөйлеуі және бір-бірімен қарым- қатынас орнатуы қалыптасты. Дәл қазір қазақ тілінің мәселесі барлық жерде көтеріліп жатыр. Бұл мәселеге мемлекеттік мекемеден бастап бизнес саласына дейін мән бере бастады. Соның ішінде Форте банк те бар.

Тіл мәселесіне бей-жай қарамайтынын, оған сөзбен емес іспен кірісу керек екенін көрсеткен Форте банк өзінің «ForteKey» жобасын іске қосқан болатын.  Бұл жоба тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл ТМД бойынша тұңғыш іске қосылған сервис.

Қазір жастар арасында қазақ тілінде сөйлеу трендке айналды. Инстаграм, телеграм, фейсбук және ютуб әлеуметтік желілерінде қазақ тілінде контент көбейді. Бәрі де тілге деген құрмет пен сүйіспеншіліктің арқасында пайда болды. 

YouTube каналда қазақ тілінде клиптер, түрлі бағдарламалар жарық көре бастады. Қоғамда тілге деген сұраныс артқанымен, өзара әлі де болса қазақ тілінде қате жазатын жастар да, үлкендер де бар. Дәл осы мәселені шешу үшін Fortekey сервисі іске қосылды.

Қазақ тілінің болашағы қайда?

Кез келген жобаның дамуы үшін қоғамның қабылдауы керек. Ал Фортекейді пайдаланушылар күн өткен сайын өсіп, қазақ тіліндегі төлем жасау, ақша аударуға болатын сервисті жүктей бастады. Әр азамат өзінен бастау арқылы тілдің болашағын жасай алады. 

Қазақ тілінің болашағы ғылым мен техникада. Фортекей әлемдік IT жоба болғандықтан, оның Қазақстанда тұңғыш болып қосылуының өзі тілді дамытуға деген бір қадам.

Форте банк қазақ тіліне қалай үлес қосып жатыр?

Өте ыңғайлы және сапалы әрі жылдам сервисті іске қосты. Жобаны ерекшелігі де сол, оның қазақша жазуға мүмкіндік беретін пернетақтасында. Тек бұл емес, T9 арқылы сіздің сауатты жазуыңызға көмектеседі. Бұл еліміздегі қазақ тілін дамытуға жасалған ең өзекті әрі пайдалы сервистің бірі. 

  • Пернетақтаны орнатып алған әр адам қазақ тілінде қатесіз жазуға үйренеді;
  • Төлемді де, аударымды да қазақ тілінде жасайды;
  • Қарым-қатынас құралы ретінде қазақша жазу, сөйлесу әдетке айналады;
  • Қате жазылған сөзді біреуден сұрап немесе басқа жерден іздеудің қажеті жоқ. Сервисте бәрі қамтылған.

Фортекей туралы барлық ақпаратты ресми сайтына өтіп толық біле аласыз. 

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button