Бизнес

Парасат Тәненов: Орда бұзатын емес, Орданы құратын ұрпақ үшін

Қазір әлеуметтік желідегі оқырманға қарап баға беріп, соларға қарап танымалдықты өлшейтін заман. Заманың қалай болса, бөркі солай. Кезекті сұқбатымыз инстаграм әлеуметтік желісінде 200 мыңнан астам оқырманы бар әрі «ORDAGEN» жобасының негізін қалаушылардың бірі Парасат ТӘНЕНОВПЕН сұқбатты назарларыңызға ұсынамыз. 

Инстада танымал болудың 5 пайдасын атап берсеңіз?

Жарнама арқылы табыс табу;

Танымал болу (өзім бұл жағына жоқпын, себебі ұната бермеймін. Инстаграм арқылы танымал болуды абырой санамаймын);

Ұсыныстар (жарнамадан бөлек жеке жұмыс істеуге, жобаға араласуға ұсыныс түседі);

Сұрақ-жауап ретінде пайдаланып, өзіңе керегіңді тауып алуға болады (мәселен, жақсы тамақтанатын орын іздеген кезде қиналып қалсақ, бірден story-ға салып іздеп, тауып аламыз);

Әлеуметтік көмек көрсету. Жағдай жоқ отбасыларға, көпбалалы аналарға сені сүйіп оқитын оқырман арқылы көмек көрсетуге, жылу жинауға болады. Бір сөзбен айтқан кезде, қаржылай көмек керек болса, инстаграм арқылы табуға болады. 

219 мың оқырманыңыз бар. Түрлі байқаулар да ұйымдастырасыз. Нәтижесінде қандай жетістікке жеттіңіз?

Менің ең үлкен жетістігім – оқырмандардың маған деген сенімі. 20-дан аса байқау ұйымдасырдым. Бәрі әділ өтті. Егер алғашқы байқауларым әділетсіз болған болса, қалғандарына жұрт қатыспайтын еді. 

Инстаграм арқылы миллионер болуға бола ма? Қандай кеңес айтар едіңіз?

Меніңше, инстаграмды адам дұрыс пайдалана алса, оған миллионер болуға болады. Алысқа бармай-ақ, айналамызды алайық. Инста арқылы көлік, үй алып, табыс та тауып жатқандар бар. Кеңес ретінде айтарым, парақша қызық болуы керек, оқырманға жарнаманы шынайы әрі сенімді түрде жасау керек. Керегі сенім. Егер сенім болмаса оқырман сізді оқымайтын болады, тіпті олардан айырылып та қаласыз. 

Инстаграмнан басқа балалар әдебиетінде үлес қосып жүрген секілдісіз. ORDAGEN қандай жоба?

ORDAGEN – балаларға арналған жоба. Толық атауы «Orda Generation» деп аталады. Яғни, «Generation» деп отырғанымыз «жасөспірім». 20-30 жылдан кейін орда бұзатын емес, Орда құратын ұрпақ өссе деген мақсатта құрылған.

Жобамызда 33 түрлі құндылық бар. Осы құндылықтарды негізге ала отырып ертегілер, фэнтези, фантастикалық жанрдағы әңгімелер жазамыз. Құндылықтарды төртке бөлдік: «Адами құндылықтар», «Таным құндылықтары», «Қоршаған орта құндылықтары» және «Ұлттық құндылықтар». 

Әр құндылықтың айырмашылығын ашып көрсетеміз.ұл тәрбиелік мәні бар құнды жоба деп айтар едім. 

Қазіргі кішкентай балалар кітап оқи ма? ORDAGEN жобасы бұл мәселеде қандай көмек көрсете алады?

Балаларды айтпағанда, қазір өзіміздің қатармыз да кітап оқымайды. Ал біздің буын кітап оқымағаннан кейін, ұрпақ кітап оқи ма?! Күнделікті өмірде біздің блогерлердің кітап оқымайтыны туралы ақпаратты өздерінің ауыздарынан немесе біреуге берген сұқбатынан оқып қалып жатамыз. Тіпті оны ұяламай да айтып жатады. Осыдан бірнеше жыл бұрын «аз болса да оқимын…» деп ұялғаннан жауап беретін-ді. 

Біз осы жоба арқылы балаларға кітаптың қандай құнды зат екенін, пайдасын дәріптейтін боламыз. 

Ұлттық құндылық керек-ақ, алайда оны жастардың бойына сіңдіру үшін нақты қандай шара қолданған жөн?

Қазір ақпарат пен технологияның дамыған заманы. Инстада, Тиктота отырған жастарды «отырма» деген сөзбен алып шыға алмайсыз. Ендеше, бір жолы бар, сол жерге біздің келуіміз, керек ақпарат пен құнды дүниелерді беруіміз. Осы жолда арнайы команда құрдық. Олар біздің жобаны барлық әлеуметтік желіде дәріптейді және заманға қарай икемдейді. 

Алдағы 5 жылға жоспарыңыз қандай?

Алдағы 5 жылдағы менің мақсат және арманым осы ORDAGEN жобасымен тікелей байланысты. Алдына мақсат қойып жасап жатқан жобамыздың 5 жылдан кейінгі жемісін көру.

«Qadam.asia»

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button