Бизнес

Статистика: 10 жылда не өзгерді? Мұнайдың дәуірі бітті ме?

Уақыт өткен сайын мұнаймен де, жердің байлығымен де, оның кеңдігімен де мақтанатын дәуірдің аяқталып, басқа бір заманның туғанын көзбен көріп, қолмен ұстап жүрміз. Территориясы алып елдердің экономикасын аумағы сол елдің бір қаласындай ғана болатын елдер екі орап алатын күнге жетті. ХХІ ғасыр соңғы 10 жыл ішінде үлкен революцияны бастан кешті.

Бұрын мұнай бен газ, зауыт салу, жылжымайтын мүлікпен табыс арттыру секілді мәселе күн тәртібінде тұрды. Бұл салаларда айналып жатқан табыс көзіндегі нөлдерді есептеу қарапайым халық үшін арман ғана еді. 

Соңғы 10 жылда не өзгерді?

2011 жылы Forbes-тың үздік ондығында тұрғандардың қатарын кестеден қараңыз:

Үздік ондық ішіндегі 8 адамның табысы мұнай, газ, оффлайн сауда, инвестиция, темір және т.б өндіріс пен өнімдер арқылы артып отырған. Тек аталған санның ішінде Ларри Эллисон 39,5 млрд АҚШ долларымен, Билл Гейтс 56 млрд долларымен қатарға кіріп тұр. Екеуінде мұнай да, газ да жоқ. Алайда екеуінде алдағы 10 жылда үлкен ақшаның көзі болатын жаңа сала, жаңа әлемнің тұтқасы болды. Бұл – IT саласы.

Ал 2021 жылдағы Forbes-тың тізімін қараңыз:

Үздік ондықтың ішінде тек 3 адам ғана түрлі сала арқылы байып отырса, қалғандары Digital әлемнің өкілдері.

Алдағы 10 жылда IT саласы, жаңа технологияларды меңгеретін өнімдер, онлайн әлем, креативті ойлау қабілеті бар адамдар байыған үстіне байып отыратын болады. Себебі ендігі 10 жылда мұнайдың ешкімге керегі жоқ. Ол қорқыныштың басын Илон Масктың Tesla электронды көліктері бастап кеткенін білеміз және Қазақстанның көшелерінде де көріп жүрміз.

Пандемия қалай әсер етті?

2020 жылы әлем тұтастай өзгеріске бет алды. Далаға шыға алмаған, жұмысқа бара алмаған, жұмысынан, табысынан айырылған адамдардың саны артты. Алайда дәл осы қиын кезеңде жолын тапқандар да бар.

Пандемияға дейін әлемдегі интернет қолданушылардың саны: 4, 39 млрд.

Пандемиядан кейін: 4, 66 млрд. Бір жыл ішінде интернет пайдаланушылар саны 270 00 000 – ға артқан.

Ал әлеуметтік желіні пайдаланушылар саны пандемияға дейін: 3, 48 млрд.

Пандемиядан кейін: 4,20 млрд.

Жалпы есепте 720 000 000 адамға өскен.

Дәл осы статистикаға қарап отырып, 2020-жылдан бері онлайн сауда дүкендерінің табысы артқанын жақсы білеміз. Оған бір Amazon да кепіл болады.

Мұнай мен газдың дәуірі бітті ме?

Халықаралық энергетика агенттігі алдағы уақытта мұнай мен газды іздеудің қажеті болмайтын, жалпы оның дәуірі 2040-2050 жылдарға қарай тоқтап, сұраныстың құлдырайтынын атады. Бұл мәселені көтеруге негіз болған «Net Zero by 2050» жобасы.

Аталған жоба «жасыл әлем» концепциясына бет алған, электронды өнімге сұранысты арттыруға және климатты реттеп отыруға бағытталған.

Жобаны талқылау барысында айтылған мәліметтерге сүйенсек, 2030 жылға қарай мұнайдың баррелі 35 АҚШ долларына құлайды. Тек мұнай өндірісі өзінде және сол қара алтынға бай елдер ғана ең төменгі бағаны ұсыну арқылы нарықта «қалықтап» тұруы мүмкін, бірақ ұзаққа бармайды.

Қазір Brent маркалы мұнайдың баррелі 66,83 АҚШ долларына тең.

Марғұлан АҚАН

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button