Бизнес

Тегін тренинг: Қазақстандағы АҚШ елшілігі бизнес бойынша он күндік фестиваль ұйымдастыруда

Қазақстандағы АҚШ елшісі 11-20 маусым күндері бизнес, медиа, мәдениет және технология бойынша тегін тренинг ұйымдастыруда. Кез келген азаматқа қатысу, көру тегін.

Аталмыш іс-шара жыл сайын инновациялық идеяларды таныстыру үшін ұйымдастырылатын Go Viral фестивалі аясында өтпек. АҚШ елшілігі ұйымдастыратын бұл фестиваль биыл бесінші рет өтіп отыр. Биылғы шара Орталық Азия өңірі деңгейінде өтпек. Әрі АҚШ,  Голландия, Қытай, Украина, Франция, Италия, Швейцария, Колумбия, БАӘ, Ресей, Германия, Оңтүстік Кореядан келген, бизнес пен медиа, мәдениет пен технология саласында жетістікке жеткен азаматтар спикер болып, тәжірибесімен, білімімен бөліспек.

Go Viral 2021 – (бей)таныс Орталық Азия тақырыбының негізінде жатқан идея, аймақты өзіңе және бүкіл әлемге әртүрлі көзқарастан және ракурстан жаңаша ашуға мүмкіндік беру болып табылады. Биылғы жылы Go Viral көптеген деректі фильмдерді, АҚШ пен Орталық Азия елдерінің арасындағы музыкалық әріптестікті, технологиялардағы әйелдер туралы, денсаулық сақтаудағы технологиялар туралы, Орталық Азия стартаптардың жаңа жаһандық нарыққа қалай шығып келе жатқандығы туралы жинақтама пікірсайыстарды көрсетеді, сондай-ақ 1991 жылдан бері туған Орталық Азияның келешек көшбасшыларымен жинақтама пікірсайыс жүргізеді.

Негізгі баяндамалар құқыққорғаушы және ғылыми журналистикаға, деректер журналистикасына қатысты болады, сонымен қатар экологияны қорғау, климаттың өзгеруі, әйелдерге білім беру және мүмкіндіктері мен құқықтарын кеңейту сияқты біздің аймақтағы маңызды мәселелер туралы сөз қозғалады.  Фестивальде квесттер, викториналар, байқаулар және көптеген басқа сайыстар өтеді.

«Біз спикерлердің өткізген тренингін, сөйлеген сөзін – бәрін ашық дереккөздерге жүктейміз. Оны кез келген азамат ашып көре алады. Өкінішке орай, пандемия әлі қайтпағандықтан, толық оффлайнға өте алмай отырмыз. Әйтпесе, тренингке кез келген азамат өз аяғымен келіп, спикерлерді көзбен көріп, сөзін тыңдайтын еді», – дейді Go Viral халықаралық фестивалінің жоба менеджері Гауһар Мұқаман.

Фестивальдің кестесімен goviral.kz сайтында танысып, оған тегін қатысуға тіркелуге болады. Сонымен қатар ақпарат 11 маусымнан бастап Go Viral  жаңа мобильді қосымшада ашық болады.

Толығырақ білу үшін Instagram, Facebook, Telegram және YouTube әлеуметтік желілеріндегі Go Viral аккаунттарына жазылуға болады.

Go Viral 2021 басталғаны туралы визуалды материалдарды, фотосуреттер мен бейнежазбаларды осы жерден жүктеп алуға болады.

Биылғы жылғы бірқатар белгілі спикерлер мен тақырыптар:

Бизнес:

  • Крис Бюрри (Chris Burry, АҚШ) «Кремний алқабын ғаламдық нарыққа шығу үшін қалай пайдалануға болатыны» туралы айтып береді.
  • Rational Games, Inc. компаниясынан Марк Янгтың (Mark Young, АҚШ / Германия) воркшопында қатысушылар «Келіссөздерді қызықты етудің» жолдарын біледі.
  • Әзірбайжан Көлік, байланыс және жоғары технологиялар министрлігінің өкілі Рашад Байрамов таңғажайып презентация жасаудың бес құпиясымен бөліседі.

Медиа: 

  • Эд Каши (Ed Kashi) мен оның әріптесі Джули Винокур (Julie Winokur) бағдарламалық баяндама жасаудың көмегімен бүкіл әлемде құқыққорғаушы журналистиканы түсіндіретін болады. Өздерінің  «Гиперлокальды баяндауында» олар қысқаметражды деректі фильмдерді түсірген кезде тамаша оқиғаларды қалай жалғыз жасауға болатынын әңгіме етеді.
  • Юю Жудың (Youyou Zhou) деректер және визуализация бойынша журналисткасы «Дата-журналистиканың көмегімен COVID-19 пандемиясын түсіндіру» туралы айтып береді.
  • Айғаныш Айдарбекова журналистердің деректерді қалай тексеріп, ашық дереккөздер арқылы қалай тергеу жүргізетіні туралы баяндайды.
  • Binocle Media студиясының Орталық Азиядағы білім беру туралы «Учитель» (Ұстаз) фильмінің премьерасы, Қанат Бейсекеев және Қайрат Нұрмағамбетов. Көрсетілім және талқылау Hide Park-те өтеді.
  • Фарход Калонов «Әлемді влогтаған Тәжікстан жігіті».

Технологиялар: 

  • Ренат Әлімбековпен оффлайн пікірсайыс – «Денсаулық сақтаудағы технологиялар».
  • Президент сайлауындағы деректер туралы ғылым (Data Science) және саясаттағы әлеуметтік желілердің ролі.
  • Facebook-ты машинамен оқыту жөніндегі практик, WhatsApp деректері құпиялылығының басшысы, сондай-ақ  Яндексте, Alibaba және X5 Retail Group жұмыс істеген Валерий Бабушкин деректерді өңдеу мамандарына неліктен сұраныс жоғары екенін айтады. Сондай-ақ басқа да көптеген тақырыптар мен спикерлер.

Мәдениет:

  • 18 маусымдағы Go Viral 2021 бағдарламасына Орталық Азиядағы АҚШ дипломатиялық өкілдігінің «48-сағаттық киножарыс: Big Day!» жобасының бағдарламасы біріктірілген. .
  • Саодат Исмаилованың «Қырық қыз» театралдандырылған көрінісі (онлайн).
  • 16 маусымда Walking Almaty алматылықтарды Bloomsday халықаралық қозғалысын қолдау үшін Almatian Navigation қалалық квесті кезінде Алматыны өздеріне тағы бір мәрте ашуға шақырады.
  • Голливудтық дыбыс режиссурасының ардагері Мидж Костинмен (Midge Costin, АҚШ) «Медиадағы дыбыстың күшін ашыңыздар» воркшопы және «Толқындар бойымен: Кинодағы дыбыс өнері»  атты деректі фильмініңкөрсетілімі.
  • Фестивальдің соңғы күнінде АҚШ-тың SubRadio музыкалық тобы өнер көрсетеді (онлайн). Сондай-ақ АҚШ, Қазақстан мен Қырғызстанның жергілікті музыканттарымен музыкалық коллаборациясы көрсетіледі.
  • Орталық Азия мен АҚШ-тың бірқатар режиссерларымен кинопікірсайыс өтеді: Қуаныш Бейсеков (Қазақстан), Әділхан Ержанов (Қазақстан), Мидж Костин (АҚШ), Қанат Бейсекеев (Қазақстан), Аниса Сабири (Тәжікстан), Истеъдод Усманов (Өзбекстан).

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button