Бизнес

The Ritz-Carlton Residences, Astana тағы да жыл резиденциясы атанды

The Ritz-Carlton Residences, Astana биыл да 2020 Residential Awards of Excellence сыйлығының иегері атанып, үш бірдей номинацияға қол жеткізді.

The Ritz-Carlton Residences жыл сайын үздік резиденцияларды анықтау үшін арнайы сайыс өткізеді. Марапаттау шарасы осымен 11-ші рет өтіп отыр. 2021 жылғы марапаттау шарасы онлайн-форматта өтті. Оған әр елден жиналған 200 адам қатысты.

Қазақстандық The Ritz-Carlton Residences, Astana резиденциясы үш номинацияның иегері атанды: жыл резиденциясы, резиденцияны басқару және шағын резиденция иелерінің ерекше ынтасы.

 The Ritz-Carlton Residences – The Ritz-Carlton жанұясына тиесілі, тек резиденциялардан тұратын жаңа бренд. Қонақ үйден де асып түсер сервис ұсынып, қонағына зәулім сән-салтанат сыйлау үшін құрылған.

Резиденциялардың көбі Америка Құрама Штаттарында орналасқан. Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласында орналасқан резиденциялар – Еуропа мен ТМД елдерінің ішінде The Ritz-Carlton жанұясына жататын жалғыз қонақ үй.

The Ritz-Carlton Residences, Astanа эксклюзивті резиденциялары Talan Towers көп функционалды кешенінің екі мұнарасының бірінде: The Ritz-Carlton, Astana қонақ үйінің жоғарғы жеті қабаттарында орналасқан. 

Резиденциялардың иелеріне арнайы қызметкерлер және The Ritz-Carlton сервисінің аңызға айналған деңгейі, сонымен қатар бес жұлдызды қонақ үй инфрақұрылымы сияқты артықшылықтар қолжетімді. Саны шектеулі резиденциялардың иесі болуға Сіздің де мүмкіндігіңіз бар.

Жоба инвесторы – «Verny Capital» компаниялар тобы тікелей инвестициялар саласында жұмыс істейтін Қазақстандағы ең ірі компаниялардың бірі. Оның портфеліне The Ritz-Carlton, Moscow және The Ritz-Carlton, Vienna кіреді. Жоба LEED халықаралық жүйесінің жасыл құрылыс стандарттарына сәйкес салынған. The Ritz-Carlton, Astana Нұр-сұлтан қаласының танымал символы – Бәйтерек монументін қоршаған аумаққа ерекше сән беріп тұр.

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button