Бизнес

Жастар арасында трендке айналған сервис

Кейбір сервистер қолданысқа енген сәттен бастап трендке айналады. Бұл оның заманауи технологияларға негізделгенінен және ыңғайлылығынан.

Пайда болғанына аз ғана уақыт болса да, дәл қазір жастар арасында трендке айналған бірегей сервис ForteKey пернетақтасы болып отыр. Ал, жастар арасында танымалдылыққа ие болу көптеген қызмет салаларының қолынан келе бермейді.

ForteKey пернетақтасы бұл істің үдесінен шыға білді. Бірақ, қалай?

Елімізде түрлі салаларда заманауи реформалар жасау керек екенін көріп жүрміз. ForteKey – қаржы және банк саласында жасалған ең тиімді реформа.

Банк саласына реформа жасаған үздік сервисті бірінші болып жастардың жаппай қолдануы сөзіміздің айқын дәлелі.

ForteKey – халық игілігіне арналған әлеуметтік жоба. Пайдаланушыларға арналған ешқандай комиссия жоқ, қаржылық операцияларды өте жылдам атқаруға мүкіндік береді әрі қолдануға тіптен оңай.

Қазір трендте жылдамдық пен ыңғайлылық екенін бәріміз білеміз. Ал жастар сәнге айналған сервисті пайдаланғысы келеді. Сондай-ақ, ыңғайлылығына көзі жеткен кез келген қызмет түрін трендке айналдыруға өздері де үлес қосады.

Таксиге отырсаңыз да, дүкенге барсаңыз да, түскі ас ішу үшін дәмханаға соқсаңыз да, жастардың ForteKey пернетақтасы арқылы жылдам төлем жасап жүргенін байқайсыз.

Яғни, трендке айналу үшін – жылдамдық пен ыңғайлылық тудыра алуыңыз керек. Форте банк ұсынған бірегей сервистің ең басты ерекшелігі осы комфортты тудыра алуында.

Жастар арасында трендке айналған ForteKey пернетақтасы жылдамдық пен ыңғайлылықты қалай үйлестіре білді?

ForteKey пернетақтасының пайдаланушылары банк қосымшаcына ауыспай-ақ ақша аудару, төлем жасау немесе балансты қарау сынды операцияларды әлеуметтік желіден шықпай жүзеге асыра алады. Ендігі жерде Whatsapp, telegram, instagram, facebook, вконтакте – осының бәрі сіздің төлем жасау алаңыңызға айналды.

Әсіресе, коммуникацияға бейімделген жастар үшін уақыт үнемдеу өте маңызды. Жастар кез келген жағдайда жылдамдықты жақсы көреді. Мұндайда ForteKey таптырмас сервис.

Мәселен, жақын адамыңызға ақша аудару керек болып қалды. Бұл үшін сізге уақыт жоғалтудың мүлде қажеті жоқ. Whastapp-та отырып ешқандай қиындықсыз, ForteKey пернетақтасы арқылы ақша аударып жібере аласыз. Бұл үшін ол адамның карта нөмірін, қайда салу керектігін сұраудың қажеті жоқ. Тіркелген телефон нөмірін терсеңіз жеткілікті.

Бұл сервистің халық игілігіне арналған әлеуметтік жоба екенінің тағы бір дәлелі – ForteKey пернетақтасын барлық адамдар пайдалана алады. Тіптен Форте банктың клиенті болмасаңыз да ForteKey-ді пайдалануға мүмкіндігіңіз бар. Бірақ, Форте банктың клиенті болсаңыз одан да көп мүмкіндіктерге ие боласыз.

Қазір барлық банк өздерінің мобильді қосымшаларын іске қосқан. Сол жерден өзіңізге керекті кез келген ақпаратты ала алатыныңыз анық. Алайда, мобильді қосымшаға кіріп, ондағы функцияларды бірінен соң бірін орындау біршама уақытты алады.

Ал, ForteKey пернетақтасы арқылы әлеуметтік желідегі диалог үстінде де шоттарыңыз бен карталарыңыздағы қалдықты оп-оңай көруге мүкіндігіңіз бар. Бұдан бөлек, әлеуметтік желіде немесе мессенджерде отырып, аударымдар, есепшотты қарау, банктік тарихыңызды бақылап отыру, онлайн төлемдер жасау, салық пен коммуналдық қызметтерді төлеу сынды банктік операциялардың барлығын ForteKey арқылы жүзеге асыруға болады.

Ыңғайлылығына көзіңіз жеткен болар. Бұл сервистің жастар арасында трендке айналуы да осыдан. ForteKey пайдаланушыларының дені қазақ тілді жастар екенін де айтқымыз келеді. Себебі, қазақ тілі қазір трендте. ForteKey пернетақтасы Мемлекеттік тіл мәртебесіне де ерекше назар аударған.

ForteKey арқылы сіз тек банк қызметтерін орындап қана қоймай, қазақ тіліндегі төл әріптері бар пернетақтаны пайдалануға мүмкіндік аласыз. Еліміздегі қолданыс аясы кең үш тіл – қазақ, ағылшын, орыс тілдерінде қызмет көрсететін сервиске T9 функциясы енгізілген. Сөз қате жазылған жағдайда, T9 дұрыстап беріп отырады. 

ForteKey жастар арасында неліктен трендке айналғаны енді түсінікті болған болар. Заманауи технологияға негізделген бұл сервис барлық Қазақстан азаматтарына арналған. Жүктеп аласыз да, пайдалана бересіз.

ForteKey сіздің ең жақын досыңызға айналуға дайын. Сіз де ForteKey-мен бірге өміріңізді комфортқа айналдырыңыз!

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button