Денсаулық & Психология

Өзіңіз туралы шындықты біліңіз: Суреттен бірінші не көрдіңіз?

Суретке мән беріп қараңыз. Қай аңды бірінші көрдіңіз? Бұл тест мінезіңіздің қандай екенін анықтамақ.  

Балық

Сіздің интуицияңыз жақсы дамыған. Суретке қарағанда балықты көрген болсаңыз, жолыңызда кезіккен белгілер бойынша жүруге бейімделген жансыз. Бұл сізді табысты етпек. Сіз батылсыз, алайда ашуланшақтығыңыз бар. Сонымен қатар өзіңдің де, өзгенің де құпиясын сақтай аласыз. Құпиялылық пен көңіл-күйіңіздің жиі құбылуы – сізге ғана тән. Кейде сіз өте жұмбақ болып көрінесіз. Алайда біреуден бірнәрсені жасырайын деген ойыңыз жоқ. Десе де энергияңызды босқа құртпай, кез келген істі уақытында жасайсыз.

Ит

Бұл – өте шынайы әрі адал жануар. Егер сіз суреттен итті көрсеңіз, сіздің бойыңызда әділдік бар деген сөз. Бұл қасиетіңіз сіздің жеке өміріңізге де, жұмысыңызға да әсер етпей қоймайды. Өзіңіздің дұрыс екеніңізді сезетін болсаңыз, шындық үшін күресуге жаныңызды саласыз. Айта кету керек, бұл қасиетіңіз кейде пікірлердің қайшылығы мен төбелеске дейін алып баруы мүмкін.

Бүркіт

Сіз де осы құс секілді амбицияға толы жансыз. Бүркіт алдына ұлы мақсаттар қойып, оған жете алуымен ерекшеленеді. Бұл суреттен бүркітті көргендер көбіне өзгелерге көмектескенді, солардың ішінде әділетсіздікке тап болғандарға қол ұшын беруді қалап тұрады. Бүркітке күмән келтіруге себеп жоқ. Бұл типтегі адамдар отбасы, қарым-қатынас деген түсініктерге өте жауапкершілікпен қарайды. Эмоцияға беріліп кез келген адамға жүрегін ұсына бермейді.

Жолбарыс

Жолбарыс – күш пен энергияның символы. Сіз суретке қарағанда жолбарысты көрсеңіз, ауыр мінезіңіздің бар екенін білуіңіз керек. Бұдан бөлек сіз лидерсіз! Өзге де көшбасшыларға қарсы шығатын қауқарыңыз бар. Айта кетейік, айналаңыздағылардың пікіріне құлақ ассаңыз, қазіргіден де жоғары жетістіктерге қол жеткізеріңіз анық.

Бақа

Бақаларға жан тыныштығы керек. Бұл типтегі адамдар шешім шығарарда асықпайды. Уақытының көбін белгілі бір мәселені шешудің әртүрлі жолдарын қарастыруға арнайды. Суреттен бақаны көргендер жақсы дос бола алады. Олар өзгені тыңдай алатын, кеңес беруден жалықпайтын қасиетке ие. Бойындағы даналығы жеке өміріне де, жұмысына да пайдасын тигізеді. Бақаларда интуиция жақсы дамыған. Сондай-ақ бұл адамдар еңбекқор келеді. Алға қойған мақсаттарына міндетті түрде жетеді.

Тиін

Бұл тіршілік иесі – қозғалыс пен энергияның, жұмысқа деген құлшыныс пен беріктіктің баламасы. Бұл типтегі адамдардың интеллектісі дамыған, олар белсенділігімен ерекшеленеді. Сонымен қатар бұл суретті таңдаған жандар өте ашық әрі көпшіл. Адамдардың көбі тиіндердің жанынан өздеріне энергия алу үшін, ашық көңіл-күймен қуаттану үшін табылады. Болған оқиғаға анализ жасай алуы – суреттен тиін көргендерді жетістікке жеткізетін баспалдақ. Жұмыс бойынша да олар ылғи шыңдарды бағындырып отырады. Сол себептен әртүрлі қалаларға көшіп жүреді.

Піл

Пілге күш, даналық, намыс қасиеттері тән. Бұл типтегі адамдар өзгелерден шешім қабылдай алатындығымен және қыңырлығымен өзгешеленеді. Жолбарыстан ерекшелігі пілдің суретін көргендер мақсаттарына әрбір қадамын аңдап басып жетеді. Бұл адамдар үшін отбасы бірінші орында тұрады. Сонымен қатар айналысында достары мен туған-туысқандары көп.

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button