Денсаулық & Психология

Бауырға пайдалы және зиян тағамдар

Бауыр – ас қорыту мен асты сіңіруге қатысатын ең үлкен без. Ал оның ең үлкен қызметі – бұл ағзаға түскен ауыр, улы заттарды залалсыздандыру. Дәлірек айтсақ, ағзаға түскен қауіпті, пайдасы жоқ тағамдарды реттеуді қолға алатын мүше.

Егер залалы мен зияны мол тағамды көп тұтынатын болсақ, мұның соңы бауырдың түрлі ауруға шалдығуына, істен шығуына әкеледі.

Ендеше мұның алдын алу үшін мамандардың айтуымен, мына 7 түрлі тағамды тұтынуды тоқтату қажет.

Ең алдымен, мамандардың айтуынша, қанты мол тағам тұтынуды доғару қажет. Әсіресе, газдалған сусынды. Оның құрамындағы химиялық заттар мен хош иістендіргіш, зияны қоспа – мұның бәрі бауырға салмақ салады. Оның орынан кәдімгі ауыз су не қайнатылған шөп шай ішіңіз.

Көкөніс ағзаға өте пайдалы. Бірақ жемісті байқап жеген жөн. Әсіресе, фруктоза (қанттың бір түрі) көп жемістерді азайтқан абзал.

Бауырға тұз жақпайды. Тұзы мол тағамдарды азайту қажет. Әсіресе, бір қорап чипс не қытырлақты. Оның құрамындағы тұз бір күндік нормадан асып кетеді.

Ішімдік бауырды езіп жібереді. Сондықтан алкоголь тектес ішімдіктің бәрін ішпеген жөн.

Бауырға зиянды тағамдардың бірі – крекер тектес піспенан түрлері. Онда рафинадталған көміртегі пен қант көп болады.

Шұжық пен майлы еттің орнына майы аз үйрек пен тауық етін жеген дұрыс деседі.

Мамандардың айтқан зиянды тағамның жетінші түрі – майлы, қуырылған тағам.

Бауырға пайдалы тағамдар

Бауырға ең пайдалы тағамдар жетерлік. Соның бірі – ақуызы мол тағамдар. Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, ақуыз бауырда май жиналу қауіпін 16% азайтады.

Ал ақуыз ет пен балықта, жұмыртқада, сүзбеде көп болады. Майы аз ет жеуге тырысқан жөн. Көбінесе, ақ етті, яғни, тауық пен үйректің еті майсыз келеді.

Бауырға пайдалы көкөніс пен жеміс. Әсіресе, қызанақ, қияр, сәбіз, орамжапырақ пен асқабақ, болгар бұрышы өте пайдалы. Сондықтан оны етпен бірге гарнир ретінде жеген жөн.

Жеміс дегеніміз – қант. Оны ұмытпаған жөн. Сол себепті жемісті таңдап, қанты аз жемісті тұтынған абзал. Кептірілген жеміс (өрік пен мейіз), авокадо, алма бауырға жақсы әсер етеді. Асқабақ пен қызышаның сусынын дайындап ішуге болады. Пияз бен сарымсақ (чеснок) та бауырға көмектесетін көрінеді.

Теңіз орамжапырағы ағзаны зиянды заттардан тазалауға көмектеседі. Сондай-ақ қандағы холестеринді азайтып, йод жетіспеушілігінің алдын алады.

Бауырға пайдалы тағамның тағы бірі – сүт. Айран, сүт, йогурт, сүзбе, ірімшік бауырды қатерлі ісіктен қорғайды. Негізінен майы аз сүт өнімдерін тұтынған абзал. Сүттің құрамындағы ретинол қатерлі ісікті тоқтатын көрінеді.

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button