Денсаулық & Психология

Дислексия: кітаптағы әріптер секіріп жүргендей көрінеді

Дислексия дегеніміз өмірдің хат жазу, кітап оқу, қатесіз жазу, математика, сабақтағы жалпы үлгерім сынды аспектілеріне жауап беретін неврологиялық ауру. Әдетте, дислексияға шалдыққан баланы жалқау, сабақтағы үлгерімі нашар баламен шатастырады. Бірақ аталған ауруға шалдыққан балалардың IQ көрсеткіші орташа есептен жоғары болғандықтан, оны үлгерімі нашар оқушының қатарына жатқыза алмайсыз. Қарапайым тілмен айтқанда, дислексия мидағы дислекстердің бұзылып, сөзді анализдейтін орталықтың дұрыс жұмыс істемеуі.

Бұл ауруға шалдыққан адамның тек кітап оқи алмау, хат жаза алмау сынды проблемалары бар деп қабылдамаймыз. Өйткені бұл проблемалар құлағы дұрыс естімейтін, көзі дұрыс көрмейтін жандарда да кездеседі. Ал дислексия көзбен немесе құлақпен қабылдаған дүниені адамға түсінікті тілде жеткізе алмауымен ерекшеленеді.

Дислексияға шалдыққандардың басты қиындықтары:

  • Кейбір әріптерді төңкеріліп тұрғандай көруі мүмкін. Кейде тіпті сөзді соңынан басына қарай оқиды. Кітап оқып отырған кезде науқасқа әріптер секіріп жүргендей көрінеді;
  • Сыртқы формасы бірбіріне ұқсайтын әріптер мен сандарды ажырата алмайды. Мысалы «ә» мен «е», «з» мен «э», «р» мен «ь», 10 мен 01;
  • Сөз түсінікті болса да оқи алмайды;
  • Бірер секунд бұрын ғана оқыған сөзін есіне түсіре алмайды;
  • Жоғарыдағы себепке байланысты бір үзіндіні бірнеше рет қайталап оқиды;
  • Әріптердің орын тәртібін ауыстырып оқиды;
  • Оған кейде әріптердің бәрі бір төбешікке жиналып қалғандай көрінеді;
  • Бір нәрсені оқи алмай қалған кезінде жүрегі айниды.

Дислексияны қалай анықтайды?

Аталған аурудың бар-жоғын анықтайтын тестті 2 сыныпта оқитын бала әлі әріптерді дұрыс оқи алмаған жағдайда жүзеге асырады. Бұдан өзге генетикалық анализді пайдаланады. Осы анализ барысында DCDC2 гені табылса, осы ауруға шалдыққанын білдіреді.

Дислексияны аутизммен немесе ақылсыздықпен шатастыруға болмайды. Ақылсыздық IQ-дің төмендігімен сипатталады. Ал аутизм Аспергера синдромымен тікелей байланысты.

Дислексияның дисфонезия, дисэйдезия, диснемкинезия сынды бірнеше түрі бар.

Дисфонезияның екінші атауы – «есту дислексиясы». Дисфонезиясы бар адам сөзді дұрыс естімей, нәтижесінде әріптік символдарды шатастырады.

Ал дисэйдезияға шалдыққан адам фонетиканы дұрыс түсінгенімен, сөздерді дұрыс оқи алмайды. Мұны кейде «жеңіл дислексия» деп те атайды.

Егер бала «нан» секілді күнде естіп жүрген сөзін дұрыс жаза алмаса, диснемкинезия түріне шалдыққан болады. Бұл – аурудың ең қиын формасы.

Дислексияның математикалық теңдеулерді, жеңілжелпі есептерді шеше алмайтын түрі «дискалькулия» деп аталады. Оның төмендегідей белгілері бар:

  • математика пәніне бейімнің жоқтығы;
  • ақшаны дұрыс санай алмау, дүкеннен қайтарымын дұрыс алмау;
  • «+ = – x» осындай математикалық символдарды бірбірінен ажыратудағы қиындықтар;
  • есептің берілгенін түсініп, қалай шығаратынын пайымдай алмау;
  • ориентацияның жоқтығы, картадан мемлекеттің қай жерде орналасқанын анықтай алмау.

Аталған аурудың баласында бар-жоғын ата-аналар әкелік тесттің көмегімен анықтай алады. Ол үшін ДНҚ пайдаланылады.

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button