Денсаулық & Психология

Гемоглобинді қалай көтеруге болады?

Қандағы гемоглобин үшін қан құрамындағы эритроциттер жауап береді. Егер лейкоциттердің саны артып кетсе, ол эритроциттерді басып, оның азаюына әкеп соғады. Мұндай жағдайға көп мөлшерде қан кеткенде немесе суық тиіп, созылмалы аурулардан кейін ұшырайды. Гемоглобиннің төмендеуін бет-жүздің бозарғанынан және әлсіздіктен байқауға болады. Темір, фоли қышқылы мен С дәруменін көп жесеңіз, гемоглобин қалпына келеді. Ағзаның қан жасаушы қызметінің негізі біздің не жеп, не ішетінімізге байланысты. Ағзамен жақсы қабылданатын, қанға жақсы сіңетін тағам түрлерінің бірі сиыр етін (немесе сәл қуырылған бауыр етін) қарақұмық ботқасымен жеген дұрыс. Созылмалы аурулардан кейін ағза қалпына келу үшін көп мөлшерде ақуыз қажет.

Кагор, түйежаңғақ немесе қызыл алма

Таңмен аш қарынға немесе түскі ас алдында 50 гр кагор ішу немесе 3-5 түйежаңғағын жеу, күніне бір қызыл алма – міндетті түрде сіздің гемоглобиніңізге көмектеседі.

Анар

Анардың дәнін жейсіз бе, әлде шырынын ішесіз бе – таңдау өз еркіңізде.

Шикі сәбіз бен қызылша шырындарын ішу де өте пайдалы. Бұл көкөністердің шырындары ауызды қуырады, сол себепті аздап сумен араластырып ішсеңіз де болады. Бір күнде 1-2 стақан ішу жеткілікті.

Ескерту

Қызылша шырынын екі сағаттай қойып қойған жөн. Содан соң барып қана ішіңіз. Таза ауаға жиі шығыңыз, саябақта, қала сыртында, далада жиі серуендеңіз.

Қанға оттегі қажет

Адам ағзасында барлық минералдар мен дәрумендер бір-бірімен байланысты. Егер біреуі жетіспесе, екіншісінің сіңуі екіталай. Темірдің жақсы сіңуі үшін В тобындағы дәрумендер мен (дәнді дақылдар) ішкі секреция бездерінің жұмысы жақсы болуы қажет.

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button