Денсаулық & Психология

Неліктен түрлі-түсті сәнді маскалар қауіпті?

Қазір маскасыз жүрген адам көрсек тіксініп қараймыз. Пандемия кезінде маскасыз жүру қауіпті екенін сезініп, жауапкершілікпен қарауды үйрендік.

Алайда, медициналық маскадан бөлек, түрлі-түсті матадан тігілген сәнді маскалар да трендке енді. Расында, маска біздің киіміміздің басты атрибуттарының біріне айналды. Бірақ олардың барлығы бізді вирустар мен бактериялардан қорғай ала ма? Түрлі-түсті матадан тігілген сәнді маскалар қауіпті ме?

С.Сеченов атындағы клиникалық медицина институтының Рахманов атындағы тері және венерологиялық аурулар кафедрасының ассистенті, медицина ғылымдарының кандидаты, косметолог Елена Морозова түрлі-түсті маскалардың зиянды екендігі туралы айтады.

«Мен көшеде көптеген адамдардың қара түсті маска киіп жүргенін көремін. Оның құрамында терінің бөртпесін тудыратын бояғыш бар. Мысалы, атопиктерде атопиялық дерматит өршіп кетеді. Тіпті пациенттердің өзі бұл маскаларда жағымсыз химиялық иіс бар деп шағымданады. Осының бәрі дерматозды қоздыруы мүмкін, өйткені қара бояғыш өте аллергенді болып келеді. Ал егер маска синтетикадан жасалған болса, онда мұндай масканы қолдануға мүлде болмайды. Мақтадан жасалған түрлі-түсті маскалар әлі күнге даулы мәселе күйінде қалып отыр. Басты ескеретін жайт – қай жерде боялғаны белгісіз, әртүрлі суреттер салынған синтетикалық маскаларды қолданудан бас тартыңыз», – дейді косметолог-дәрігер.

Иә, көбіміз мақтадан жасалған шүберектерді маскаға айналдырып тағып жүрміз. Елена Морозова шүберек маскаларды үнемі өзгертіп отыру немесе мұқият жуып отыру маңызды екенін де ескертіп өтті.

Сарапшы: «Қазір, әсіресе, балаларда түрлі-түсті маскалар өте көп. Мұнда ең алдымен өндірушіге және оның сапасына назар аударуыңыз керек. Егер бала ұзақ уақыт бойы мұндай масканы өзгертпестен немесе жуылмаған күйі тағып жүрсе, бұл оның вирус жұқтыруына себеп болумен қатар, жасөспірімдік безеулердің асқынып кетуіне алып келеді. Өнімнің тазалығын қадағалау өте маңызды», – деп баса айтып көрсетеді.

Косметолог-дәрігер Е.Морозова да, өзге сарапшылар да үнемі ауыстырып отыру үшін бір реттік медициналық масканы таңдаған дұрыс екенін алға тартады. Бұл әрі қалтаңызға да салмақ салмайды.

Денсаулығыңызды күтіңіз!

«Qadam.asia»

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button