Денсаулық & Психология

Операцияның сәтті өтуі хирургтың киген киіміне байланысты

Операция бөліміндегі дәрігерлер неліктен ақ түсті емес, көк немесе жасыл түсті форма киеді деп ойлайсыз? Операцияның сәтті өтуі осындай ұсақтүйекке байланысты болуы мүмкін екен.

Бастапқыда барлық медициналық киімдер ақ түсті болды. Өйткені, ақ түс тазалықтың түсі деп есептелетін. Оның үстіне ақ киімді ағартқышпен ағарту да өте оңай еді. 1914 жылы бір ықпалды дәрігер бұл формадан бас тартып, жасыл, көк түсті униформаға көшуге ұсыныс жасайды.

Мұндағы негізгі себеп: операция барысында кристалды ақ түс хирургтың көзін ауыртуы мүмкін. Егер ол қою қызыл қаннан кейін әріптесінің ақ түсті халатын көретін болса көзі ауырып, операция барысында бірнеше секундын жоғалтып алады екен. Ал бұл науқастың өміріне қауіп төндіреді.

Мәселен, біз төбемізден күн түсіп тұрғанда аппақ қарға қарасақ, көзімізді уқалап тұрып қаламыз, тіпті басымыз айналуы да мүмкін. Өйткені кіршіксіз аппақ түсті жанарымыз бірден қабылдай алмайды.

Бірақ неліктен хирургтар сары немесе күлгін түсті форма кимейді, неге жасыл мен көк түсті таңдаған деп ойлауыңыз мүмкін. Оған себеп: жасыл мен көк түстер спектрінде қызыл түске қарамақайшы түс боп есептелетіндігі. Операция кезінде олар қанға көп қарайтындықтан, жасыл немесе көк түсті қабылдаулары да жеңіл болады.

Осылайша, жасыл және көк түстер дәрігерлердің қырағылығын да оятады, көздерін қызыл реңкке тез бейім етеді. Хирургиялық ота кезінде қателіктің болдырмауына да септігін тигізетін көрінеді.

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button