Денсаулық & Психология

Отандық вакцинаны салдырған танымал тұлғалар

Қазақстанда 26 сәуірден бастап отандық вакцинаны салу жұмыстары басталды. Қазақстандық вакцинаның ғылыми атауы – QazCovid-in, оның тауарлық атауы – QazVac.

Отандық вакцинаға деген сенімді арттыру үшін ең бүгін Денсаулық министрі Алексей Цойдың екпе салдырғанын да білеміз.

Ендеше бұл вакцинаны елдің бас дәрігеріне дейін кімдер салдырған еді. Соны еске түсірейік.

Отандық вакцина енді әзірленіп жатқан ең алғаш болып ерікті ретінде екпе салдырған – Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов болатын. Ол 2020 жылы 25 қыркүйекте вакцина салдырды.

Бұдан кейін өткен жылы қазан айында саясаттанушы Мақсат Жақау отандық вакцинаны салдырып, отандық ғылымға сенуді үндеді.

Ал желтоқсанда ҚР Президентінің көмекшісі Ерлан Карин салдырып, биыл қаңтарда екінші дозасын алды.

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев та қазақстандық QazCovid-in вакцинасын салдыруды жөн көріп, желтоқсанның аяғында екпе алды.

С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің ректоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор Талғат Нұрғожин де отандық вакцинаны көрген екен.

Ал мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы жылы сәуірдің басында «Спутник V» вакцинасын салдырған еді.

Оқи отырыңыз: Вакцина неге тез дайын болды, бедеулік, мутация – Медицина докторымен сұқпат

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button