Денсаулық & Психология

Психологиялық тест: суреттен бірінші нені көрдіңіз?

Психологиялық тест сіздің іште жасырынған қорқынышыңызды анықтай алады. Бұл тестті орындауға қойылатын талаптар өте қарапайым:

Суретке 2-3 секунд қараңыз;

Бірінші көзіңізге түскенін есте сақтаңыз;

Жауабыңыз нені меңзейтінін біліңіз.

Қыз

Егер кішкентай қыз сіздің назарыңызды аударса, демек, сіз бала кезіңізде психологиялық жарақат алғансыз. «Мені жек көреді» немесе «Мені ренжітеді» деген ойлардан арыла алмай жүресіз. Өз сезімдеріңіз бен уайымдарыңызды біреуге айтуға қиналасыз. Эмоционалды тұрғыда өкпе-реніші мен қорқынышы көп кішкентай балаға ұқсайсыз.

Құлпынай

Сіз жалғыздықтан қатты қорқасыз, сондықтан айналаңыздағы адамдардың жүректерін жаулап алуға тырысасыз. Мүмкін сіздің өзіңізді бағалау қабілетіңіз төмен шығар. Өйткені, жұбыңызбен тең қарым-қатынас орнату сізге қиынға соғады.

Көбелек

Көбелек сіздің болашаққа деген қорқынышыңызды білдіреді. Сіз үнемі бір ғажайыпты күтіп жүресіз, бірақ оны өміріңізде жүзеге асыру үшін ешқандай әрекет жасамайсыз.

Бас сүйек

Көп адам бас сүйекті көре бермейді. Егер сіз көрген болсаңыз, бұл сіздің өзгеруден қорқатыныңызды және депрессиялық психологиялық күйде екеніңізді білдіреді. Айналаңызға жаулықпен қарайсыз. «Жақындарым қашан сатып кетер екен» деп үнемі қорқып жүресіз.

Ағаштар

Суретте екі ағаш болғандықтан, бұл сіздің жеке басыңыздағы екіжақтылықты көрсетеді. Бір жағынан, сіз табысты адам ретінде көрінуге тырысасыз, ал екінші жағынан, сіз өз қабілеттеріңізге мүлдем сенбейсіз. Бұл ішкі тартыс жетістікке жетуге кедергі келтіреді.

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button