Денсаулық & Психология

Тіс ауырғанда үйде емдеуге болатын 7 әдіс

Тістің аяқасты ауруына бірнеше себеп бар. Бұл тіске қаңғұрттың түсіп, қажалуынан немесе эмальдың әлсіреуінен пайда болуы мүмкін. Мұның да пайда болуы бірнеше себептерге байланысты: тәтті тағамдар мен газдалған сусындарды көп мөлшерде тұтыну, сағызды ұзақ шайнау, тіс күтіміне салғырт қарау, тіс ауруларының алдын алмау, т.с.с. Тістің ауырғаны, ең әуелі, жүйке жүйесіне әсер береді. Ол суық, ыстық, тәтті, қышқыл тағамдарды жеген кезде ауа тигенде сезіледі. Содан кейін температура көтеріліп, ұйқы қашып, бас айналып, адамның бет-жүзі ісіп кетеді.

Қолыңызда дәрі-дәрмек болмаған кезде қарапайым емдік әдістерді жасап көріңіз:

  • Тіс ауырған кезде алдымен тісіңізді тазалап алыңыз.
  • Ауыз қуысын тұз, ас содасы қосылған жылы сумен қайтақайта шайыңыз.
  • Ауырған тістің орналасқан жағына қарай, оң я сол қолыңызбен сарымсақ бөлігін дәкемен таңып қойыңыз.
  • Үккіштен пияз бен сарымсақты өткізіп, оны тұз және содамен араластырыңыз. Содан кейін оны дәкеге орап алып, ауырған тіске басыңыз. Мұны күніне 2-3 мәрте әр екі сағат сайын қайталауға болады.
  • Мұз кескінін алып, оны сүлгімен орап, тіс ауырған жағыңызға басыңыз.
  • Ауырған тіс жағыңыздағы құлағыңызды ұстап, сағат бағытымен бес минут уқалаңыз.
  • Қолыңызға мұз кесінін алып, алақан аясында домалатыңыз.

Тіс ауырғаны басылып, жаныңыз жай тапқан кезде денсаулыққа салғырт қарамай, дереу тіс дәрігеріне жолығып, қаралыңыз. Себебі, тістің ауырғаны басылғанымен, оның артынша тіс аурулары пайда болып, созылмалы түрге көшуі әбден мүмкін. Сондықтан да, тіс ауруларының алдын алып, тіс күтіміне аса мән берген абзал.

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button