Денсаулық & Психология

Вакцинадан қайтыс болғандар: Министрлік түсініктеме берді

Қазақстанда коронавирус вакцинасын салдырған төрт азамат қайтыс болды. Оның екеуіне қатысты комиссияның қорытындысы шықты.

Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғинияттың айтуынша, бұл екі жағдайдың да коронавирус вакцинасына түк қатысы жоқ. Мәселен, 6 мамыр күні қайтыс болған Алматыдағы перзентхана қызметкерінің өлімі екпеден емес, жүрек ауруынан болған.

«Комиссиясының қорытындысына сәйкес, мәйітті тексеру кезінде вирустың, атап айтқанда, коронавирустың зақымдау белгілері табылмады. Тек жүрегінде созылмалы патология бары белгілі болды. Қайғылы жағдайға да сол себеп. Вакцинаның байланысы жоқ«, – деп түсіндірді вице-министр.

Министрлік өкілінің айтуынша, Ақтөбе облысындағы қайғылы жағдайдың да себепшісі – вакцина емес, созылмалы ауру. Нақтырақ айтсақ, ишемиялық инсультке себепші болған мерцательді аритмиядан болған.

«Вакцинамен байланысты себеп табылмады«, – деді Ажар Ғиният.

Ал қалған екі жағдайға қатысты әлі тексеріліп жатыр. Сот-медициналық сараптама біткен жоқ. Оның қорытындысын министрлік кейін жария етпекке уәде берді.

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button