Денсаулық & Психология

Құрманың денсаулыққа 10 түрлі пайдасы

Күн сайын құрманы жеген адамның қан құрамында холестерин төмендейді. Яғни, жүрек-қантамыр жүйесі жақсарады. Сонымен қатар, құрма жеген адамның қартаюы тежеледі екен.

Ескерте кетейік, қант диабетімен ауыратын адамға құрма жеуге болмайды.

Көптеген халықтарда құрма қасиетті тағам боп саналады. Бұл жемістің екі-үш данасының өзі ағзаға өте пайдалы. Күніне 3 құрма жеп қана ағзаны қажетті микроэлементтермен қамтамасыз етуге болады. Дәрігерлер тіпті тәтті әрі зиянды кәмпиттерді құрмамен алмастыруға кеңес береді. Ал ғалымдар құрманы 2-3 жыл аштықта талғажау етуге болатынын дәлелдеп отыр. Құрманың бұдан өзге де пайдасына тоқтала кетейік.

  • Құрма – адамның асқа деген тәбетін жақсартып, жұмысқа деген қабілетін арттырады.
  • Фруктоза мен глюкозаға бай бұл жеміс жүйкені тыныштандырып, ұйқыны қалыпқа түсіреді.
  • Ғалымдардың зерттеуі бойынша, құрманы көп жейтін адамдарда өкпедегі қатерлі дертпен ауру кемде-кем кездеседі екен.
  • Құрма құрамындағы магний бүйрекке тас жиналмаудың алдын алады. Сондай-ақ ағзадағы тұзды шығаруға көмектеседі.
  • Мәйегін жарақат алғанда немесе күйген жерге жақса, тез жазылады.
  • Дәрігерлер құрма жемісін тіс жиегі жиі қанайтын жандар мен туберкулез дертіне шалдыққанда көбірек жеуге кеңес береді.
  • Құрма – иодқа да бай. Қалқанша безінің қабынуымен ауырғанда бұл жемісті жеу-дертке дауа болады.
  • Қаныңыз аз болса, бұл жемістің өзінен немесе жапырағынан шай жасап ішуіңізге болады.
  • Құрма құрамындағы маносахрид жүрек бұлшықеттеріне пайдалы.
  • Құрма құрамындағы «А» және «С» дәрумені иммунитетті көтеріп, суықтаудың алдын алады.

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button