Ғылым

Әр бойжеткен оқуға тиіс ТОП-5 кітап

Қыздар мерекесі жақындап келеді. Qadam.Asia ұжымы келе жатқан мерекемен құттықтай отыра, әлем әдебиетінен қыздарға арналған үздік 5 романды оқуға ұсынады.

«АЛХИМИК» ПАУЛО КОЭЛЬО

Не үшін оқу керек: әрдайым арманға сену үшін.

Өзіңізге сенуге және қандай жағдай болмасын өліспей, беріспеуге үйрететін ғажайып ертегідей кітап десе болады. Осы кітапты оқығаннан кейін өміріңіздің жарқын, жағымды сәттерін көбейтіп, мақсатыңызға жету үшін мотивация аласыз.

«ЖАС ҚЫЗДЫҢ КҮНДЕЛІГІ» АННА ФРАНК

Не үшін оқу керек: әрдайым батыл болу үшін.

13 жасар Анна Франк бұл күнделікті екі жыл бойы фашистерден жасырынып жүріп жазған. Аннаның өзі кітабының жарыққа шыққанын көре алмады, өйткені сатқындықтың нәтижесінде оның бүкіл отбасы концлагерьге түсіп, Анна сол жерде қайтыс болады. Әкесі ғана аман қалып, қызының күнделіктерін кітап қып басып шығарған.

«ТӘКАППАРЛЫҚ ПЕН ЖАҢЫЛЫС» ДЖЕЙН ОСТИН

Не үшін оқу керек: қыз баласы ойланбай жатып тұрмысқа шыға салуға болмайтынын ескеру үшін.

Бұл роман алғаш рет 1813 жылы жарық көрді, содан бері оқырмандары артпаса, кеміген емес. Элизабет Беннетт 19-шы ғасырдағы Англияның әдеп-ғұрпын сынап, айналасындағыларды ирониялы түрде қабылдайды. Ол үйінде бес қыздың ішіндегі екіншісі. Қыздарын тезірек тұрмысқа беру – анасының бар арманы. Сол арманымен бір қызымды тұрмысқа берем деп, көрші үйге келген Дарси мырзадан үміттеді. Бірақ Дарси де Элизабет секілді тым тәкаппар жан еді.

«ҚЫЗМЕТШІ ӘЙЕЛДІҢ ӘҢГІМЕСІ» МАРГАРЕТ ЭТУД

Не үшін оқу керек: біз өмір сүріп жатқан әлемнің жаман емес екенін есте сақтау үшін.

Бұл антиутопиялық роман ғылыми фантастика жанрында жазылған. Сюжеті болашақта – үкіметті басып алған христиан теократиясының тоталитаризмі тұсында дамиды. Кітап құлдықтағы әйелдердің тағдыры және олардың өз дәрежесіне жету жолдарындағы күресі туралы баяндайды. Сюжет бойынша әйелдерде банктік есепшоттар да, жұмыс та болмайды, тіпті оларға кітап оқуға да тыйым салынған. Бұл шығарма оқырманға айтарлықтай әсерін тигізбей қоймайды.

«АҚ ОЛЕАНДР» ДЖАНЕТ ФИТЧ

Не үшін оқу керек: сүрініп жүріп те, күресіп жүріп те өз жолыңды табу үшін.

Астрид – сұлулығын еркектерді манипуляциялау үшін пайдаланатын жесір әйелдің жалғыз қызы. Ол анасы қандай болса да жақсы көреді, бірақ бір еркекті өлтіріп қойған соң анасы түрмеге түседі де, Астридтің жағдайы 180 градусқа өзгереді. Астрид бір жанұя мен екінші жанұя арасында асыранды бала болып жүріп, өз жалғыздығымен алысады, өмір сүру үшін күреседі.

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button