Ғылым

2021 жыл соңғы жарты ғасырдағы ең қысқа жыл болады

2020 жылы ең қысқа астрономиялық күннің рекорды 28 рет жаңартылған, ал ең қысқа күн 5 шілдеде тіркелді.

Сол кезде Жер бір күндік толық айналымды тәуліктің орташа ұзындығынан 1,0516 миллисекундқа жылдамырақ аяқтаған. Ғалымдар 2021 жылы бұл құбылыс жалғасатынын айтып отыр.

Себебі, қазір өзгеріп жатқан астрономиялық уақыт пен тұрақты атомдық уақыт арасындағы айырмашылық 19 миллисекундты құрайды.

Бұрын біздің планетамыз өз осінде толығымен айналу үшін 24 сағаттан сәл көп уақытты қажет еткен болса, ХХІ ғасырдың басынан бастап жағдай өзгерді.

Яғни, астрономиялық күн өзгеріске ұшырады. Бұл дегеніміз – Жер тез айнала бастады деген сөз.

Жердің тез айнала бастауының себебі не?

Ғалымдардың пікірінше, мұның себебі ғаламдық жылынудан болуы мүмкін. Мұздықтар еріген сайын массаның қайтадан бөлінуі планетаның өз осінде жылдам айналуына әкеліп соққан.

Әрине, астрономиялық және атомдық уақыттың айырмашылығы шамалы, бірақ оның салдары үлкен. Мысалы, спутниктер мен навигациялық жүйелер жұлдыздардың, айдың және күннің орналасуына байланысты анықталатын күн уақытына сәйкес жұмыс істейді.

Спутниктер мен навигациялық жүйелердің үйлесімді жұмысын сақтау үшін Жерді айналдыру жөніндегі Халықаралық қызметтің хронометршілері бұрын әр тәулікке «қосымша секундтарды» қосып отырған.

Бұл амал соңғы рет 2016 жылдың соңында жасалыпты.

«Қазір хронометршілер өсіп келе жатқан теңсіздікті жою үшін «қосымша секундтарды» қосу керек пе деген мәселені талқылап жатыр. Егер Жердің айналу жылдамдығы одан әрі артса, «қосымша секундтар» қажет болуы мүмкін», – дейді Ұлыбританияның Ұлттық физика зертханасының аға ғылыми қызметкері Питер Вибберли.

«Qadam.asia»

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button