Ғылым

Ағылшын тілі жайлы 10 факт

Ағылшын тілі арнайы басқаратын ұйымы жоқ жалғыз әлемдік тіл

Мысалы, Парижде орналасқан L’Académie française француз тілі стандарттарына жауап береді. Оның жұмысының бір бағыты – француз тіліндегі ағылшын сөздерінің аналогтарын іздеу. Осындай жағдайда email сөзіне courriel баламасы пайда болды.

Испан тілі үшін Real Akademia Españolа, неміс тілі үшін Rat für deutsche Rechtschreibung жауап береді. Ал ағылшын тілі бұл тұрғыда толықтай еркіндікте.

Мұның себебі – саясатта. «Гулливердің саяхаттарының» авторы Джонатан Свифт тілдің жетілмегендігіне шағымданып, Ұлыбритания тіл академиясын құру керектігін айтқанда, Анна патшайым бұл идеяны қолдаған болатын, бірақ шешім шығарғанша қайтыс болып кетеді. Осы себепті идея кейіннен ұмытылды.

Америка Құрама Штаттарында академия құру идеясы Конгреске 1806 жылы ұсынылған, бірақ мақұлданбаған. 14 жылдан кейін Президент Джон Куинси Адамстың билік құрған кезінде American Academy of Language and Belles Lettres құрылды. Бірақ екі жылдан кейін үкімет пен қоғамның қолдауы болмаған соң, қайта таратылды.

Бүгінгі таңда тек Оңтүстік Африкада жергілікті ағылшын академиясы бар. Бұдан көп үміт болмағанымен, жаһандық тілдің мәртебесі және онымен туындаған метаморфоздар ұйым үшін реттеуші ереже құру қажеттілігін көрсетеді.

Дәл қазіргі сәтте миллионнан астам адам ағылшын тілін үйренуде

Британдық Кеңестің мәліметі бойынша, 2000 жылы әлем бойынша миллионға жуық адам ағылшын тілін үйренді. Бүгінде бұл көрсеткіш айтарлықтай артты.

Ең жиі қолданылатын  100 ағылшын сөзінің 96-сы неміс тілінен шыққан.

Себеп – тарихта. Б.з.д. 1-ші мыңжылдықта Британдық аралдарда қоныстандыру кезіндегі нәтижеден ағылшын тілінің негізін герман тілдерінен енген сөздер құрайды.

бірақ 1066 жылдан кейін ағылшын тілін толықтыратын сөздердің көпшілігі латын тілінен енген.

Ағылшын тілі ана тілі боп саналатын адамдар үшін француз немесе испан тілдерін үйрену неміс тілінен гөрі оңайырақ. Бәріне «кінәлі» – Италиядан басталып, Англияға Франция арқылы келген Ренессанс дәуірі. Жаңа идеялар да, ескілері де оңтүстіктен көшкенде ағылшын тілінде оларға тиісті терминдердің жоқтығы анықталды. Тиісінше, ағылшын тілі латын сөздеріне бейімделді. Қайта өрлеу дәуірінде ағылшын тілі сөздік қорын екі есеге арттырды.

Жүз жылдан астам уақыт бойы ағылшын ақсүйектері ағылшын тілінде сөйлей алмады.

Вильгельм I 43 жасында ағылшын тілін үйренуге тырысты, бірақ қолынан келмеді. Оған тіпті 1066 жылы жаулап алған жері ұнамады, сондықтан ол өз билігін көп жағдайда Францияда құрды.

Англияның Норман билігі кезінде жергілікті діни ұйымдардың барлығы дерлік француз тілінде сөйлейтін. Француз ақсүйектерінің арқасында  француз саудагерлері ағылшын  жеріне тартылып, олардың лексикондары жергілікті тілге қатты әсер етті. Сонымен қатар, ағылшындар француз тілінде сөйлейтін басшыларға жақынырақ болу үшін және жетістікке жету үшін француз тілін үйренуге мәжбүр болды. Норман шапқыншылығы кезінде ағылшын тілінде 10000-нан астам сөз пайда болды.

Жоғарыда келтірілген себептерге байланысты ақсүйектер ағылшын тілін мүлдем білмеген. Тек 12 ғасырдың аяғында ағылшын ақсүйектерінің алғашқы ұрпақтары пайда бола бастады, ағылшын тілін бірінші және негізгі тіл ретінде қолдана бастады. Ал 1204 жылы ағылшын дворяндары Франциядағы өз иеліктерінен айырылды, бұл Англияда ағылшын тілінің ресми түрде қабылдануының себебі әрі ұлттық жетістіктің көрінісі болды.

Ақсүйектердің әсерінен латын сөздері герман тіліндегі сөздерге қарағанда беделдірек әрі жағымдырақ естіледі.

House (германша) пен mansion (французша) немесе starting мен commencing, kingly мен regal синонимді сөздерінің айырмасын байқадыңыз ба? Ағылшын тіліндегі синонимдердің көп бөлігі ресмилік, мәртебелік жағынан  ерекшеленеді. Ең беделді сөздер әрдайым латын тілінен шыққан сөздер болып есептеледі.

Тіпті жануарлардың аттары мен оған тиісті ет түрлерінің айырмашылығы да бар. Біріншісі – герман терминдері, екіншісі – латын. Мысалы, swine мен pork, sheep пен mutton. Бәлкім, бұл ағылшынтілді төменгі санаттағылар мал фермаларында жұмыс істегендіктен, ал французтілді ақсүйектер осы өнімдерді тұтынғандықтан болуы мүмкін.

Ағылшын сөздерін жазу ережелері кейінірек пайда болды.

17 ғасырға дейін дұрыс емле маңызды нәрсе ретінде қарастырылмады. Шекспирдің мәтіндерінде де бір сөз көбінесе әртүрлі формада, оның ішінде өз есімінде де кездесетін.

Британдық және американдық ағылшын тілдеріндегі маңызды айырмашылықтарға бір адам жауап береді.

Атын сөздіктердің сыртында кездестіруге болатын Ноа Вебстер патриот болған. 1758 жылы АҚШ-тың Коннектикут штатында дүниеге келген ол осындай ұлы елдің өз тілі болу керектігіне сенді. Ол америкалық ағылшын тілін британдық ақсүйектердің әсерінен тазартқысы келді. Ол америкалық ағылшын тілінің нұсқаулары мен нормалары бар үш кітап жазды. Көзі тірісінде Speller 385 рет басылып шыққан. Түрлі басылымдарда colour орнына color, centre орнына center секілді сөздер пайда болды. Вебстер емле жазуды жеңілдетуге және прогрессивті етуге тырысты.

-ize жұрнағы

Көбінесе -ize жұрнағын америкалыққа телиді. Бірақ бұл тек қана француз тіліндегі s жұрнағының британдық z баламасы.

Ағылшын тілі сіздің өміріңізде айтарлықтай өзгереді.

Тірі тіл үнемі өзгеріске ұшырап отырады. Ал сөздік үнемі жаңа сөздермен, терминдермен толығады. Тіпті грамматика да өзгереді. Мәселен, барыс септігіндегі who – whom көбіне who боп өзгереді. Whocanyoublame?

Бір нәрсе анық: миллионнан астам адам ағылшын тілін үйренсе, ол өзгеруді тоқтатпайды және таңқалдырудан жалықпайды!

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button