Ғылым

Илон Маск Қазақстан студенттерімен кездесу өткізеді

Tesla мен SpaceX компанияларының басшысы, америкалық миллиардер Илон Маск мамыр айында қазақстандық студенттермен онлайн-кездесу өткізбек. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл кездесуге келісім жүргізу жеті айға созылған екен.

«Мен Еуропалық экономика, бизнес және құқық жоғары колледжінің негізін қалаушымын. Қашықтықтан оқыту басталған кезде, студенттердің оқуға деген қызығушылығы жоғалып кетпес үшін, біз шетелдік мұғалімдерді тарта бастадық. Олар апта сайын дәріс оқыды.

Өткен қыркүйекте Илон Маскты шақыруды қолға алған болатынбыз. Бәрі оңай және тез өтеді деп ойладым. Біз онымен байланысқа шыққаннан бастап екі жақты қатынас хаттарды жеті ай бойы жазыстық. Ал кеше ғана ол студенттермен 15-20 минут кездесуге дайын деген жауап алдық. Илон Масктың кестесі бір жылға жоспарланған екен», – деді Талғат Төремұратов.

Ұйымдастырушы бұл қазақстандық студенттер үшін жақсы мотивация болатынын атап өтті. Енді онымен кездесуді қалайтын студенттер санын арттыруды да жоспарлап отыр. Илон Маскпен кездесуге Еуропалық экономика, бизнес және құқық жоғары колледжінің студенттері ғана емес, басқа да студенттер қатыса алады.

«Кездесу 1 мамырда өтеді. Студенттеріміз технология, бизнес саласына қатысты бірнеше сұрақтар қоя білгенін қалаймыз», – деп қосты Талғат Төремұратов.

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button