Қоғам

Қабдеш Жұмаділов өмірден озды

Қазақтың белгілі жазушысы Қабдеш Жұмаділов 85 жасына қараған шағында дүниеден озды. Қаралы хабарды ҚР Жазушылар Одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулетов растады.

«Мен ол кісінің ұлымен сөйлестім. Өкінішке қарай, қаралы хабар рас боп шықты. Таңертең дүниеден озды. Жүрегі сыр берген екен. Өзім осыдан үш күн бұрын-ақ сөйлескен едім. Ол кезде Қалқаман ауруханасында жатқан еді«, – дейді Ұлықбек Есдәулетов.

Қабдеш Жұмаділов 1936 жылы 24 сәуірде Шыңжаң өлкесінің Тарбағатай аймағы, Малдыбай ауылында дүниеге келген. Найман тайпасы Төртуыл руынан шыққан. Ауылда бастауыш білім алып, кейін Шәуешек гимназиясын бітіреді. 1956 жылы Қытай үкіметінің жолдамасымен Алматыға келіп, Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетіне оқуға түсті. Алайда университеттің екінші курсынан кейін екі ел арасындағы саяси жағдайға байланысты кері шақырылып, 1958–1962 жылдар аралығында Қытайда қуғын-сүргінге ұшырады.

1998 жылы қазанда «Қазақстанны халық жазушысы» деген құрметті атақ алған.

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button