Қоғам

Қазақстандағы ең төменгі жалақы алатын аймақтар анықталды

Сарапшылар қазақстандықтардың жан басына шаққандағы орташа ақшалай табысының статистикасын зерттеді. Ең төменгі жалақы еліміздің оңтүстік облыстарында екені, табыстары тіпті 100 мың теңгеге жетпейтіні белгілі болып отыр. Бұл туралы Ranking.kz мәлімдеген болатын.

2020 жылдың төртінші тоқсанында халықтың жан басына шаққандағы орташа ақшалай табысы 125,4 мың теңгені құрады, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 12,9 пайызға артық.

Шын мәнінде тауарлар мен қызметтердің бағаларын ескере отырып, халықтың номиналды ақшалай табысы 5,2 пайызға өскені рас. Десе де, еліміздің әр аумағында табыс көздері әртүрлі.

Ел аймақтарының ішінде жан басына шаққандағы атаулы ақшалай кірістер 2020 жылдың төртінші тоқсанында Түркістан облысында 65,9 мың теңгеден Атырау қаласында 230,2 мың теңгеге дейін болды. Сонымен қатар, нақты шарттар бойынша Атырау облысында кірістер екі пайызға төмендеді, ал Түркістан облысында 7,4 пайызға өскен.

Жалпы алғанда, республикада жан басына шаққандағы ең төменгі номиналды ақшалай кірістер 100 мың теңгеден аспайтын оңтүстік аймақтарда кездеседі: Түркістан облысынан кейін Шымкент қаласы (79,1 мың теңге), Жамбыл (86,5 мың теңге), Алматы (90,7 мың теңге) және Қызылорда (91,2 мың теңге) облыстары.

Жан басына шаққандағы ең жоғары номиналды кірістер Атырау облысынан басқа, мегаполистерде – Нұр-Сұлтан (192,9 мың теңге) және Алматы (185 мың теңге) қалаларында.

Халықтың жан басына шаққандағы орташа ақшалай табысы Атырау облысынан басқа, Шымкентте (-3,3 пайызға) және Батыс Қазақстан облысында (-5,1 пайызға) төмендеді.

Осы жылдың ақпан айында халықтың жан басына шаққандағы орташа ақшалай табысы 122,4 мың теңгені құрады, бұл 2020 жылғы ақпанмен салыстырғанда 11 пайызға және 2021 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 0,1 пайызға ғана артық.

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button