Қоғам

Қазақстанда күнкөріс деңгейі өсті

Қазақстанда күнкөріс деңгейі өсіп, 35 662 теңгеге жетті. Ал сәуір айынан бері ең төменгі кәрзеңке сомасы 795 теңгеге өскен.

Ұлттық статистика бюросының дерегінше, ең төменгі күнкөріс деңгейі 42 355 теңгеге, ал әйелдердікі – 33 637 теңге болды.

Ең жоғарғы күнкөріс деңгейі Маңғыстау облысында екен. Мұнда минималды сауда-саттық кәрзеңкесі 47 830 теңге. Нұр-Сұлтан қаласында 47 465 теңге, Алматыда – 45 065 теңге. Ал Алматы облысында 42 513 теңге.

Павлодарда 42300 теңге, Ақмолада – 41 382 теңге, Түркістан облысында – 41 220 теңге, Атырау облысында – 40 609 теңге.

Ең төменгі күнкөріс деңгейі Шымкент қаласында – 39 327 теңге. Ал Батыс Қазақстан облысында – 38 625 теңге екен.

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button