Қоғам

Әлемдегі ең қызықты мамандықтар

Мамандықты дұрыс таңдағаныңызға сенімдісіз бе? Әлемде сіз атын естімеген ерекше мамандықтар бар. Мүмкін солардың ішінен жаныңызға жақын жұмысты табарсыз. Ендеше әлемдегі ең қызықты мамандықтармен танысып көріңіз.

Панда бағушы

Қайда: Қытай

Еңбекақысы: жылына 32 000$

Міндеті:

365 күнді сүйкімді жануарлармен бірге өткізу, бағып-қағып, құшақтау, қайғысын да, қуанышын да бөлісу.

Талаптары:

22 жастан бастап қабылдайды;

панда туралы көп нәрсені білмеу керек;

фотоға түсіру қабілеті болу керек.

Бонус: тегін тамақ пен жатын орны кіреді.

LEGO-ны зерттейтін профессор

Қайда: Англия, Кембридж университеті

Еңбекақысы: 6 000 000$ жоғары

Талаптары:

педагогика саласы бойынша білімі;

креативті ойлау қабілеті;

көшбасшылық қыры болу керек.

Lego конструкторына деген үлкен махаббат қажет.

kinopoisk.ru

Аралдағы маякты бақылаушы (ерлізайыптылар, жұптар)

Қайда: Австралия (Тасмания)

Еңбекақысы: волонтерлік жұмыс ретінде қарастырылады, бірақ компания транспортпен, жатын орынмен қамтамасыз етеді.

Міндеті:

арал мен маякқа қарау, метеорологиялық есептер жүргізу, көгалды ретке келтіру, теңізді бақылап отыру.

Уақыты: қыркүйектен наурызға дейін

Жұмыстың ерекшеліктері: төрт бөлмелі жекежайда жылытқыш, радио, телефон бар, бірақ интернет пен теледидар жоқ. Жұмыс ұсынушылар отбасылық жұптарға сенім артады.

Бонус: ешқандай көрші болмайды.

Видеоойындарды тесттен өткізуші

Қайда: өз үйіңде немесе офисіңде

Еңбекақысы: жылына 30 000$

Міндеті:

түрлі видео-ойындарды ойнап көру, ойын құрастырушыларға сюжет пен графикада кеткен қателіктерді, әлсіз тұстарын айтып отыру.

Талаптары:

тәжірибелі геймер болу керек;

ДК-мен жұмыс істеуде жалпы білім қажет.

Бонус: видео-ойынды бірінші боп ойнау және белгілі бір деңгейде құрылымына әсер ете алу.

Аралды басқарушы

Қайда: Мальдив Республикасы

Еңбекақысы: айына 20 000$

Міндеті:

аралға тазалық жұмыстарын жасау; қыдырып келушілерді күтіп алып, шығарып салу; мейрамхана, бар, кафелердің жұмысын тексеру; яхта, гидроцикл, басқа да су көліктерін бақылау.

Талаптары:

қонақ үй, мейрамхана, фитнес-клуб, т.б. басқаруда тәжірибесі бар адам қажет.

Бонус: жекеменшік құмды жағажай мен теңіз жағасындағы үй

Торт, тәтті тоқаштар дегустаторы

Қайда: Ресей (Санкт-Петербург), Бельгия

Жалақысы: айына 2 000$

Міндеті:

Апта сайын 2,5 кг тәтті жеу: 10 торт, 14 тәтті тоқаш, 7 тарт, 6 птифур, 11 десерт;

дәміне, түсіне, құрамына, тығыздығына баға беру.

Талаптары:

жетілген дәм сезу мүшесі;

аллергияның болмауы;

позитив пен белсенділік;

жұмыс тәжірибесі.

Бонус: Бельгияда тәжірибеден өту, фитнеске тегін қатысу, компанияның өнімдеріне жеңілдіктер.

Қонақ үйдегі төсектерді тесттен өткізуші

Қайда: әлем (танымал туристік мекендердегі қонақ үйлер)

Еңбекақысы: келісім бойынша

Міндеті:

қонақ үйдегі бөлмеде ұйықтау, алған әсері жайлы блогта жазу немесе таңертең оянғанда қонақ үй басшылығына баяндап беру.

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button