Қоғам

1 наурыздан бастап Қазақстанда карантин талаптары жеңілдейді

2021 жылдың 1 наурызынан бастап елімізде карантин талаптары жеңілдейді. Бұл туралы Атамекен ҰКП төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Оның айтуынша, Ведомствоаралық комиссияның отырысында коронавирустың таралу қарқынының төмендеуіне байланысты «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасының бірқатар ұсынысы қабылданған және 1 наурыздан бастап карантинді жеңілдетуге рұқсат беріледі.

Жасыл аймақта:

1) жанкүйерлер қатысатын спорт жарыстары (қатысушылар саны талқыланып жатыр)

2) 50 адамға арналған еске алу асы (залдың 30%-ын ғана толтыра отырып)

3) бильярд қызметіне

4) ғимараттардағы балаларға арналған ойын-сауық клубтарына;

5) цирктарға

Сары аймақта:

Базарлар мен сауда, ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері жексенбі күні де жұмыс істей алады.

АШЫҚ қосымшасы:

1) боулинг қызметі;

2) компьютер клубтарының қызметі;

3) фитнесс-орталықтар, бассейндер – жасыл және сары аймақтар үшін жұмыс істеуге рұқсат етілді.

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button