Қоғам

20 жастағы Алисса Марстың алғашқы адамы болуды жоспарлап отыр

Алисса Карсон 3 жасынан бастап ғарышқа ұшуды армандаған. Бойжете келе арманын орындауға кірісіп, 18 жасында-ақ Марсты зерттеу жөніндегі NASA жобасының қатысушысы болады.

Жас қыздың ғарышқа деген қызығушылығын «The Backyardigans» мультфильмі оятқан. Уақыт өте келе ол осы тақырыпты тереңірек зерттей түседі де, 16 жасында қолданбалы космонавтика туралы білімін растайтын сертификат алып, NASA Жоғары ғарыш академиясының ең жас түлегі атанады. Бұл құжат Алиссаға ғарышқа ұшуға ресми түрде рұқсат береді.

Алисса Марстың алғашқы адамы болуды армандайды. Басқаларға қарағанда Алиссаның арманы орындалуы әбден мүмкін. Себебі жас ғарышкерде бұған керектінің бәрі бар десе де болады. NASA-да ғылым мен ғарышқа құштар балалар үшін арнайы «ғарыштық лагерьлер» бар. Алиссаның әкесі оны осындай лагерьге 2008 жылы небәрі жеті жасында жіберген. Кішкентай қызды лагерьде көргендерінің бәрі таңғалдырады, ол бұдан кейін де NASA-ның үш лагерін аралайды. Бұл лагерьлер Алиссаның жетістіктерге жетуі үшін тамаша трамплинге айналды.

2013 жылдың маусымында NASA «Passport to Explore Space» арнайы бағдарламасын жариялады. Бағдарлама бойынша орталыққа келген адамдар оқу бағдарламасын аяқтағанын растайтын арнайы «маркалар» мен ғарышты зерттеуге арналған төлқұжат ала алады. Біреулер үшін жай ғана қызық көрінген нәрсе Алисса үшін мақсат болған.

«Сол жылдары мен Кеннеди атындағы ғарыш орталығының бұрынғы директоры Билл Парсонстан менің астронавт болғым келетіндігіме қатысты қандай кеңес бере алатындығын сұрадым. Ол осыған дейін алған академиялық білімдерімнен ерекшеленетін, ғарышкер болуға біліктілігім бар екенін дәлелдейтін жетістік керек екенін айтты. NASA осы бағдарламаны жариялағынын естігенде, менің жетістікке жетуіме көмектесетін бірден-бір жол осы деп ойладым», – дейді Алисса.

Алисса барлық 14 ғарыштық орталықтарды аралап, NASA-да тағылымдамадан өтуші ретінде ресми түрде қабылданады. Ғарыштық жаттығулардан басқа, ол мектеп бағдарламасын ағылшын, қытай, француз және испан тілдерінде меңгерген.

20 жасар қыз ғарыш үшін қандай құрбандықтарға бару керектігін жақсы түсінеді. Бірақ ол тәуекелге бел буып, 2033 жылы Марсқа алғашқы адамзаттық миссияға аттанғысы келеді. Оның мақсаты сол жерде алғашқы колонияны құру болмақ. Алисса: «Ғарыштан ешқашан оралмайтынынымды білсем де, осы саяхатқа шығудан бас тартпас едім», – дейді. «Әрдайым армандарыңды орында және ешкімнің сені адастыруына жол берме» деген ұстанымы бар екен.

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button