Қоғам

Ақ үйден кеткен Трамп енді қайда тұрады?

АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трамптың ендігі жерде Ақ үйден көшетіні белгілі еді. Трамп президенттік лауазымынан түскенмен, бұрыннан миллиордер екенін бәріміз білеміз.

Яғни, ол президенттер тұратын Ақ үйден кеткенмен, тағы бір «хан сарайына» жайғасатыны анық болатын. Расымен солай болды.

Трамп Флоридадағы өзіне тиесілі зәулім үйіне оралып, саяси өмірден біраз үзіліс аламын деп шешім қабылдапты. Палм-Бичтегі Трампқа тиесілі сәнді сарай Мар-а-Лаго деп аталады. Ол бұл жылжымайтын мүлікті сонау 1985 жылы сатып алған.

Үлкен аумақты алып жатқан бұл жер жеке клуб мәртебесіне ие. Қазір Мар-а-Лаго Трамптың отбасына қызмет етіп жатқанымен, клуб мүшелері де бұл үйге келіп демала алады. Бұрын мүшелікке ену құны 50 000 долларды құраған.

Бүгінде АҚШ-тың экс-президентінің зәулім сарайына кіру үшін сіз 200 000 доллар төлеуіңіз керек. Сондай-ақ, жыл сайын клуб мүшелері 14 000 доллар төлеп отырады. Ал клуб аумағындағы ең қарапайым түскі астың өзі 2 000 доллар тұрады.

Трамптың Флоридадағы көршілері оның Мар-а-Лагоға тұрақты көшіп келуіне қарсы болып, бұған жол бермеуге тырысқан екен. Алайда, бұл қарсылық Трамп отбасын тоқтата алмады. Олар өздеріне тиесілі иелікке бәрібір көшіп келген.

Мар-а-Лаго иелігінің аумағы 80 мың метрді құрайды және алып сарай 128 бөлмеден тұрады.

«Qadam.asia»

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button