Қоғам

Алматы: ескі киімдерді, макулатура мен пластикті қайда өткіземіз?

Жаңа жылдың алғашқы айы да аяқталып қалды. Бұл айда гардеробтары мен жұмыс үстелдерін ретке келтіріп, жаңа жылды жаңа тыныспен бастау үшін ескіқұсқыдан арылғысы келген жандарға арнап Алматы қаласы бойынша макулатура, киімкешек, электроника, әйнектер, батареялар қабылдайтын бірнеше пункттерді топтастырдық.

ТЕПЛО

«Тепло» әлеуметтік-қайырымдылық жобасы бойынша киюге жарамды киімдер, аяқ киімдер жағдайы төмен отбасыларға, балалар үйіне, әлеуметтік көмек орталықтарына және жануарлар панасына жіберіледі. Қалада бірнеше жерде арнайы орнатылған бокстер бар.

Не қабылдайды: киім, аяқ киім.

Қабылдау пункттері:

Esentai Mall, ​Аль-Фараби, 77/8, «Esentai Tower» БЦ;

Dostyk Plaza, ​Самал 2, 111, «Galmart» гипермаркеті жанында;

MEGA Alma-Ata, Розыбакиев, 247А, ескі Меганың 1-қабаты;

Mega Park, Сейфуллин, 483, паркинг жақта

Жұмыс уақыты: сауда орталықтарының жұмыс кестесіне байланысты.

ZETA

Zeta 1996 жылдан бастап ұлттық нарықта жиһаз, пластик пен металл өнімдерін шығарып келе жатқан қазақстандық өндірістік компания. Сонымен қатар, бұл компания пластиктерді қабылдаумен айналысады.

Пластикалық қалдықтарды өткізер алдында жуып, кептіру керек, ал бөтелкелерді, құтыларды, пакеттерді тығыздап бүктеген жөн. Металл бөлшектермен жабдықталған өнімдерден, мәселен, серіппелерді, түтіктерді, бұрандаларды алып тастау керек.

Не қабылдайды: 3 категориялы пластик. Сусындардың PET-бөтелкелері жарамайды.

Қабылдау пункттері: Райымбек, 225 (дүкен алдында арнайы жәшік бар), 24/7 жұмыс істейді. Березовский, 5А, дс-сб – 9:00-20:00/жкс – 9:00-19:00 (күзетшіге өткізу керек)

KAZAKHSTAN WEST RECYCLING

«Kazakhstan Waste Recycling» ЖШС – макулатура жинау мен қайталама шикізатты сұрыптау бойынша Қазақстандағы үлкен компаниялардың бірі.

Не қабылдайды: макулатура, пакеттер, тұрмыстық химияның ыдыстары, PET ыдыстар, алюмини банкілер, түссіз шынылар. Жолдасбеков-Меңдіқұлов көшелерінің қиылысындағы пунктте медициналық маскаларды, қолғаптарды, мерзімі өткен дәрі-дәрмектерді өткізуге болады.

Жұмыс уақыты:  дс-жм 10:00-17:30, сб 10:00-15:30.

Жексенбі күні кейбір пункттері ғана жұмыс істейді. Қалада 31 пункті бар. 2GIS арқылы мекен-жайы мен жұмыс уақытын алдын ала анықтап алуға болады.

UTIL.KZ

«ПромТехноРесурсKZ» ЖШС – компьютерлерді, мониторларды, тұрмыстық техниканы, кеңсе жабдықтары мен электр жабдықтарының әртүрлі түрлерін қайта кәдеге жаратумен айналысатын компания. Қала бойынша электронды қалдықтарды тапсыруға арналған контейнерлер бар.

Не қабылдайды: электронды қалдықтар (батарея, компьютер техникасы, мобильді телефондар, флешкалар), пластик.

Қабылдау пункті: Орбита 1, 40

Жұмыс уақыты: 24/7 (бокс)

«АМИРАН» ДҮКЕНДЕРІ

«Амиран» компаниясы бөтелкелер өндіріп бастағаннан бері жеті жыл бойы шыны ыдыстарды қабылдап келеді. Тек барлығын таза күйде, қақпақтар мен жапсырмаларсыз тапсыру керек екенін ескеріңіз.

Не қабылдайды: сүт өнімдерінің бөтелкелері, шыны ыдыстар.

Қабылдау пункттері:

Алтынсарин-Куанышбаев көшелерінің қиылысындағы №6 поликлиниканың жаны;

Розыбакиев, 125/9;

Самал – 1 ы/а;

Түркебаев, 24;

Жұмыс уақыты: дс-сб 7:00-19:00

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button