Қоғам

«Алматы жастары» бағдарламасына қанша адам өтініш берді?

«Алматы жастары» бағдарламасына құжат қабылдау аяқталды. Бағдарламаға қатысып, үй алуға өтініш білдіргендердің саны 9 мыңнан асады.

Нақтырақ айтсақ, 9741 адам өтінім берген екен. Ал «Алматы жастары» қалалық бағдарламасы аясында 1000 пәтер беріледі.

Демек бір үйге тоғыз адамнан таласады деген сөз.

Өтініштердің басым бөлігі білім, денсаулық сақтау, ішкі істер органдарының қызметкерлерінен түсті.

Несие сомасы – 18 млн теңге. Былтыр 13 млн теңге болған.

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button