Қоғам

Алматыдағы ең қымбат тұрғын үй кешендерінде пәтер қанша тұрады?

Біздің сүйікті Алматымыз Қазақстандағы ең қымбат қалалардың бірі екені белгілі. Бүгін біз мәдени астанамыздың қалталы азаматтары тұратын ТОП-5 тұрғын үйлер жайында айтпақпыз.

ESENTAI APARTMENTS

  • Орналасқан жері: әл-Фараби даңғылы, 77 / 1б
  • Жылы: 2015
  • Шаршы метр бағасы: 1,25 млн теңгеден басталады

Бұл тұрғын үй кешені америкалық Skidmore, Owings and Merrill компаниясы жасаған Esentai Park жобасының бір бөлігі болып табылады. Премиум класты әрлеу материалдары, әлемдегі ең жақсы өндірушілердің тұрмыстық техникасы, үздік сервистік ұйым – бәрі жоғары деңгейдегі жайлылықты қамтамасыз етеді.

PRESIDENT’S PARK

  • Орналасқан жері: Мирас ы/а, Садықов көшесі (әл-Фараби даңғылынан жоғары)
  • Жылы: 2021
  • Шаршы метр бағасы: 1,2 млн теңгеден басталады

President’s Park сәнді минимализм стиліндегі тұрғын үй кешені Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті саябағының жанында орналасқан. Көліктері жоқ кең және қауіпсіз аула, серуендеуге арналған аллея, балалар мен ересектер үшін жасалған әр түрлі ойын алаңдары балалы отбасылар үшін өте қолайлы десе болады.

EXCLUSIVE ЮБИЛЕЙНЫЙ

  • Орналасқан жері: Юбилейный ы/а, Оңдасынов көшесі
  • Жылы: 2021
  • Шаршы метр бағасы: 1,2 млн. теңгеден басталады

Үш қабатты ғимараттардан тұратын жабық тұрғын үй аймағында ішіне өз террасалары мен патиосы кіретін барлығы 55 элиталық класты пәтерлер бар. Пәтер төбелерінің биіктігі 3,3-3,8 метр. Қос деңгейлі апартаменттер мен пентхаустарды осы тұрғын үй кешенінен табуға болады. Мұнда экология таза әрі заманауи құрылыс технологиялары мен әрлеу материалдары үйлесімділік тапқан.

TAIMAN RESIDENCE

  • Орналасқан жері: Тайманов көшесі, 222
  • Жылы: 2020
  • Шаршы метр бағасы: 850 мың теңгеден басталады

Тұрғын үй кешені әрқайсысы жеті пәтерден тұратын бес үйден тұрады. Мұнда үйді өз қалауыңыз бойынша жабдықтауға болады. Әр қабатта көліктерге арналған 40 орындық жерасты паркингіне дейін лифт бар. Аулада қонақтардың көліктеріне де тұрақтар табылады.

GENEVA ELITE APARTMENTS

  • Орналасқан жері: Достық даңғылы, «Қазақстан» шипажайынан жоғары
  • Жылы: 2021
  • Шаршы метр бағасы: 820 мың теңгеден басталады

Geneva пәтерлері Алматының ең элиталы ауданындағы қарағайлардың арасында салынған. Достық даңғылының бойындағы кешен іскерлік орталыққа және қаланың ең жақсы инфрақұрылымына қолжетімді орналасқан. Кешеннің дәл жанында терренкур жолы бар. Үйлерді қарағайлы тоғай қоршаған, сондықтан мұнда тыныштық атмосферасы басымырақ.

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button