Қоғам

Асқар Мамин: Ауыл тұрғындарына вакцина салуға ерекше назар аудару керек

ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин ауыл тұрғындарына вакцина салуға ерекше көңіл бөлу керегін айтты. Бұл жайлы ҚазАқпарат хабарлады.

«Қазіргі уақытта вирус жұқтырудың өсу қарқыны тұрақталып келеді. Вирустың репродуктивтілік деңгейі аздап төмендеп, 0,98 құрады. Ауруханаларда орындар – 42 пайызға, жансақтау бөлімдері 28 пайызға толы. 9 өңір «қызыл аймақта». Бұл – Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары және Батыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Жамбыл облыстары. Бүгінгі күнде өңірлерге 2,3 млн астам вакцина жеткізілді. 1,5 млн-ға жуық адам вакцинаның бірінші компонентін және 350 мың адам екінші компонентін алды. Мамырда екі миллионнан астам адамды вакцинамен қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз», – деді Асқар Мамин Үкімет отырысында.

Үкіметбасының айтуынша, вакцинаның қазір мол қор бар. Сондықтан екпе салдыру науқанын тоқтатпай, қарқындату қажет.

«Халықтың коронавирусқа қарсы вакцинаға қажеттілігін барынша қамтамасыз етіп, пандемия деңгейін төмендету үшін барлық іс-шаралар іске асырылуда. Ауыл тұрғындарына вакцина салуға ерекше назар аудару керек. Сонымен қатар вакцина алғандардың саны артқанымен, азаматтар белгіленген санитариялық нормаларды қатаң сақтауды жалғастыруы тиіс», – деді премьер-министр.

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button