Қоғам

Мәжіліс депутаттары жерді сатуға тыйым салу туралы заңды мақұлдады

2021 жылы 7 сәуірде өткен Парламент мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымы болды. Мәжіліс депутаттары заң жобасын бір ауыздан мақұлдады.

«Қаулы қабылданды. Бүгінгі мақұлданып отырған жер қатынастары туралы заң жобасы халқымыз үшін маңызы да, орны да ерекше. Себебі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасымен әзірленген осы құжаттың нәтижесінде халқымыздың назарында жүрген сұрақ бойынша нақты шешім қабылданды. Енді жерімізді шетелдіктерге сатуға да, жалға беруге де толықтай тыйым салынады», – деді Н. Нығматулин Мәжілістің жалпы отырысында.

Заң жобасын оқыған Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров жердің кімдерге берілуге тыйым салынғанын атап өтті.

«Бүгінгі таңда ұсынылған заң жобасымен ауыл шаруашылығы жерлерін шетелдіктерге және шетелдік компанияларға, шетелдік үлесі бар қазақстандық компанияларға, азаматтығы жоқ адамдарға, халықаралық қатысуы бар ғылыми орталықтарға, сондай-ақ қандастарға беруге толық тыйым салу көзделген. Сонымен қатар, заң жобасында бұдан бұрын шетелдіктермен және шетелдік үлесі бар қазақстандық компаниялармен жалға алынған ауыл шаруашылығы жерлерінің пайдалану мерзімін ұзартылмайтындығы және олардың пайдалану мерзімі аяқталғанға дейін ғана иелікте болатыны қарастырылған», – деді министр.

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button