Қоғам

Мамырда қанша күн демаламыз?

Қазақстан азаматтары мамырда 18 күн жұмыс істеп, 13 күн демалады. Бұл айда үш бірдей мереке бар:

1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні. Бұл мерекеде үш күн демалыс: 1, 2 және 3 мамыр.

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні. Бұл мереке жұма күнге түседі. Ол күні де демаламыз.

9 мамыр – Жеңіс күні. Бұл мереке жексенбіге түседі. Сондықтан ол дүйсенбіге ауыстырылады да, тағы да үш күн демалыс: 8, 9 және 10 мамыр.

Сонымен, мамыр айының екі аптасында 7 күн демаламыз:

– 1-3 мамыр аралығы

– 7-10 мамыр аралығы.

11 мамыр күні – жұмыс.

Ал алты күндік жұмыс істейтін азаматтар 1, 2 және 7 мамыр демалады да, 8 мамыр күні жұмыс істейді. 9 және 10 мамыр демалады.

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button