Қоғам

Мемлекеттік қызметкерлер енді декларация тапсырып, табысын көрсетеді

Биыл 1 қаңтардан бастап мемлекеттік қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалар, олардың жұбайы салық декларациясын тапсырады.

ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша, декларацияны тапсыратындардың тізімі кезең-кезеңімен шығады. Мәселен, бірінші кезеңде 430 мыңнан астам табысын көрсетуі керек. Бұлар – мемлекеттік қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалар мен оның жұбайлары.

«Жалпыға бірдей декларациялаудың мақсаты – жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін бақылаудың тиімді жүйесін құру. Мұндай жүйе көлеңкелі экономикаға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған, сондай-ақ бюджетке қосымша түсімдерді қамтамасыз етуге ықпал етеді», – деді Ерұлан Жамаубаев.

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор қызметкерлері мен олардың жұбайлары тапсырады.

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары, сондай-ақ жеке кәсіпкерлер мен олардың жұбайлары үшін декларациялау енгізіледі.

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – азаматтардың қалған барлық санаттары тапсырады.

Ал салықтық декларацияны салық төлеуші кабинет, «Электрондық үкімет» веб-порталы және «Е-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы арқылы тапсыруға болады.

Салық декларациясы дегеніміз – салық органдарына ел азаматтарының бір жылда қанша табыс тауып, қандай дүние-мүлік алғанын көрсететін есеп.

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button