Қоғам

Мерзімінен бұрын зейнетке шығу үшін не істейміз?

Биыл адам өмірін сақтандыру компанияларының клиенттеріне 50 жастан бастап зейнетақы төлемдерін алуға мүмкіндік беретін заңнама күшіне енді.

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтары пәтер алуға немесе ипотекалық несиеге жететін-жетпейтінін есептеп жатқанда, адам өмірін сақтандыру компаниялары егде жаста тұрақты кірісті қамтамасыз етудің тағы бір нұсқасы – кейінге қалдырылған аннуитетті ұсынып жатыр.

50 жаста қалай қосымша табыс табуға болады?


Мұның екі жолы бар:

  1. 40 жастан бастап зейнетақы аннуитеті шартын жасау. Рас, мұны міндетті зейнетақы жарналары бар және кейінге қалдырылған аннуитет шартын жасасуға жеткілікті жинақтары бар адамдар жасай алады. Бұл жерде жинақтардың жеткілікті шегі жылжымайтын мүлік сатып алу үшін БЖЗҚ-дан қаражат алу кезіндегідей.
  • Екінші нұсқаны 45 жастан бастап зейнетақы жинақтарының жеткілікті мөлшері бар қордың барлық инвесторлары қолдана алады.

Адам өмірін сақтандыру компаниясымен келісімшарт жасасқанда, сіздің қаражатыңыз өзіңіздің жеке шотыңызда жинақталады және оған инвестициялық кіріс есептеледі. Нәтижесінде БЖЗҚ-дағы ақшадан басқа өзіңіздің зейнетақы капиталыңыз қалыптасады. Осылайша кейінге қалдырылған зейнетақы аннуитеті төлемдерді 50 жастан бастап және өмір бойына алуға мүмкіндік береді.

Зейнетақы аннуитеті қалай есептеледі?

Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша өмір бойғы ай сайынғы сақтандыру төлемінің мөлшері келісім жасалған күннен бастап ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ынан төмен болмауға тиіс (2021 жылы – 24 010 теңге).

Міндетті зейнетақы жарналарын тұрақты салмаған ер адамдардың 45 жасында БЖЗҚ-да 6 миллион 110 мың теңге мөлшерінде жинақтары болуы керек.

Әйелдердің жинақтау шегі ерлерге қарағанда жоғары. 45 жасында кейінге қалдырылған аннуитетті алу үшін олардың БЖЗҚ-да 7 миллион 647 мың теңге мөлшерінде жинақтары болуы керек. Әйел салымшылар да ер адамдар сияқты 55 жастан бастап зейнеткерлік төлемдерді ала алады.

Зейнетақы аннуитетінің кемшілігі бар ма?

Сіз зейнетақы жинақтарын сақтандыру компаниясына аудара аласыз. Бұл ер адамдарға да, әйел адамдарға мерзімінен бұрын зейнетақы алуға мүмкіндік береді. Сақтандыру компаниясы сізді өміріңіздің соңына дейін зейнетақымен қамтамасыз етуге міндеттеледі. Осы қаржылық тетік «зейнетақы аннуитеті» деп аталады.

Ескерте кететін жайт, 1 қаңтардан бастап ерлердің зейнетке шығу жасы 63 жасты, ал әйелдердікі 59,5 жасты құрайды. Мұнымен салыстырғанда ертерек зейнетақы алу тиімді болып көрінуі мүмкін.

Әйтсе де, зейнетақы аннуитетіне жүгінудің кемшіліктері де бар. Мұндай сақтандыру компаниялары төлем мөлшерін «өте жоғары өмір сүру жасына» сүйене отырып есептейді. Олардың есептеулеріне сәйкес орташа өмір сүру ұзақтығы 100 жылдан асады. Демек, адам қайтыс болғаннан кейін қалған қаржы сақтандыру компаниясына аударылады. Сондай-ақ, сақтандыру компаниясында қалған ақшаңызды мұраға қалдыра алмайсыз.

Қазір зейнетақы аннуитетіндегі қаражатқа мұрагерлік ету қарастырылуда. Сондықтан, сақтандырушылармен келісім-шарт жасасқанда мұрагерлер кепілдік берілген мерзім аяқталғанға дейін сақтандыру төлемдерін ала алатынын тексеріңіз.

«Qadam.asia»

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button