Мәдениет

Әйелді сүндеттеу, аяқты таңу: Әлемдегі біртүрлі дәстүрлер туралы не білесіз?

Кез келген халықтың түрлі дәстүрі болады. Олардың кейбірі бір-біріне ұқсас келеді. Белгілі бір дәстүр сол мемлекетті ерекшелеп тұратындай күшке ие. Айта кету керек, әлемде ақылға сыймайтын дәстүрлер бар. Назарларыңызға біртүрлі дәстүрлер топтамасын ұсынамыз.

Әйелдерді сүндеттеу

Бұл дәстүр, тіпті, ХХІ ғасырдың өзінде кең таралған. Аталмыш процедурада жыныс мүшелерінің кейбір бөліктерін кеседі. Бұл арқылы әйелдегі жыныстық құмарлық азаяды. Ал бұл дәстүр олардың адалдығына ықпал етеді.

Ереже бойынша, отаға арнайы мамандар қатыспайды, медициналық жағдай жасалмайды. Осының салдарынан әйелдің денсаулығы да айтарлықтай зақымданады (бедеу болып қалуы мүмкін). Әйелдерді сүндеттеу Африка (Египет, Чад, Сомали, Кения), Таяу Шығыс және Азия елдерінде, сонымен қатар Ресейдің кейбір аудандарында кең таралған. Бұны бала кезден 16 жасқа дейін жасауға мүмкіндік бар. 2012 жылы бұл дәстүрді қолданыстан шығару туралы заң шықты.

Беттегі пирсинг

Таиландтағы дәстүр. Жыл сайын аралды зұлым рухтар мен жындардан тазару ритуалы өтеді. Мұнда бетіңізді, ауызыңыздың айналасын қылыш секілді өткір нәрсемен тесуіңіз керек. Бетіңізде тесік қанша көп болса, соншалықты жақсы болмақ. Жергілікті наным-сенімдерге қарағанда құдайлар адамды трансқа салып, жамандықтан сақтайды екен.

Аяқты таңу

Қытайда Х ғасырдан ХХ ғасыр басталғанға дейін 1000 жыл көлемінде қолданылған аяқты таңу дәстүрі әйелдің қоғамдағы орнын көрсететін дәрежеге ие. Қыздың аяғы қаншалықты кішкентай болса, оның иесі соншалықты мейірімді деген сөз. Мұнда қыздар екі апта сайын аяқ киімдерін ауыстырып отырған. Қызығы апта өткен сайын қыздар 3-4 мм-ге кіші аяқ киім киюге мәжбүр болыпты.

Аяқтарының көлеміне байланысты қыздарды бірнеше топқа бөлген. Аяғының ұзындығы 10 см-ден артық қыздар ұсқынсыз болды. 10 см-ге дейінгі көлем орташа деп табылды. Ал идеал дегеніміз 7 см-ден аз болды. Осы соңғы дәрежеге жеткен «аяғы әдемі» қыз тұрмысқа да оңай шыға алыпты-мыс. ХХ ғасырдың ортасында бұл дәстүр қолданыстан шықты.

Балаларды лақтыру

Ата-аналар балаларының денсаулықтарының мықты болғанын қалайды емес пе?! Үндістан халқы бұл сезімді басқаша жеткізеді. Жаңа туылған бала сәттілікке тап болсын және бай болсын деп оны 15 метр биіктіктен жерге лақтырады. Сәттілік үшін! Бұл сіз ойлағандай қатігездік емес. Өйткені төменде баланы жамылғыш ұстаған бір топ адамдар күтеді. Мұнда ата-аналардың көбі балаларын өздері лақтырғысы келеді екен.

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button