Мәдениет

Әлемдегі ең үлкен картина 62 млн долларға сатылды

Британдық суретші Саша Джафри әлемдегі ең үлкен «Адамзат саяхаты» атты картинаны сатты.

Картинаның көлемі төрт бірдей баскетбол аумағымен бірдей. Картина суретші күткен бағадан екі есеге қымбат сатылған. Алғашында суретті бөліп-бөліп сатуды көздеген, алайда криптобизнесмен Андре Абдун (француз) картинаны сол қалпында 62 000 000 долларға сатып алған.

Түскен ақшаның бәрі қайырымдылық қорына аударылды.

Әлемдегі ең үлкен картина Гиннес рекордтар кітабына енген. Оны салу үшін суретші 6 мың литр бояу, мыңнан аса қылқалам және жеті ай уақыт жұмсаған.

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button