Мәдениет

17 ғасыр бойы тәуелсіздігін жоғалтпаған демократиялық ел

301 жылы құрылып, осы күнге дейін 1719 жыл бойына тәуелсіздігін сақтаған демократиялық мемлекет туралы білесіз бе?

Кәрі мемлекет Еуропада болған барлық соғыстар мен қиыншылықтардан аман өтті. Он жеті ғасыр бойына азаматтық қоғам мен демократиялық құндылықтарды дәріптеді. Өз тарихында диктатор билейтін авторитарлық жүйенің орнауына ешқашан жол бермеген. Тіптен, ортағасырлық Еуропа елдеріндегідей корольдер де,  президенттер де осынау қала-мемлекеттің тағына отыра алмаған. 

Бұл елдің ресми атауы – Serenissima Repubblica di San Marino,яғни Сан-Марино Мәртебелі Республикасы. 

Аңыз бойынша, бұл жердегі алғашқы қонысты осы өңірге жұмыс іздеп көшіп келген тас қалаушы Марин салған. Кейінірек ол монах болып, өзіне арнап тау басына оқшауланған үй тұрғызады. Маринның тақуалығы мен әділдігіне таң қалған жергілікті тұрғындар оған қосылады. Мемлекет атауының әулие Марин есімімен байланысты болатыны осыдан. Жергілікті халық оны «қасиеттілер» қатарына жатқызған, сондықтан, «сан» деген қосымша Марин есіміне жалғанып қолданылады.

Сан-Мариномен шекараласатын жалғыз ел Италия ғана. Шағын мемлекет жер аумағы жөнінен әлем бойынша 192-шіорында, 61км². 2018 жылғы санақ бойынша халқының саны 519,9мың адам. Астанасы – Сан-Марино қаласы. Мемлекет билігі әрбір 6 айда капитан-регенттерітағайындалатын 2 депутатқа жүктеледі.

Сан-Марино экономикасының негізгі саласы туризм. Климаты субтропиктік. Сондай-ақ, жерортатеңіздік ауа-райы демалуға келетін шетелдіктер үшін өте қолайлы. 

Ал, сіз демократиялық құндылықтардың отаны болған Сан-Марино сияқты тағы қандай елдерді білесіз?

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button