Мәдениет

2021 жылы қандай сериалдар көреміз?

Биыл көптеген жаңа сериалдар мен топ сериалдардың жаңа маусымдарын көгілдір экраннан көре аламыз. Кейбірінің алғашқы бөлімдері интернет желілеріне шығып та үлгерді. Бүгін біз 2021-дің басты сериалдарымен таныстырамыз.

Call Me Kat

39 жастағы жалғызбасты Кэт бақытты болам деген шешімге келеді. Ата-анасы оның тұрмысқа шығар тойын арнап ақша жинап жүрген. Бірақ Кэт оны мысықтар кафесін ашу үшін жаратып қояды. Көп ұзамай ол студент кезінде ғашық болған ескі досының жақын маңда жұмыс істейтінін біледі.

The Watch

Анк-Морпорк қаласында заң бойынша қылмыс жасауға рұқсат етілген. Бұл қалада тролльдар, гномдар, вампирлер, зомбилер, ергежейлілер, құбылғыш бейнелер – бәрі бірге өмір сүреді. Олар жай ғана өмір сүріп қоймай, өз құқықтары мен теңдіктері үшін күреседі. Тіршілігі қайнап жатқан қалада тәртіп сақшыларымен ешкім санаспайды, олардың өздері де заңды ұстануды қойған. Бірақ жаңадан келген біреу барлығын өзгертеді.

Servant 2

Сериалдың 1 маусымы 2019 жылы шыққан болатын. Сюжеті бойынша бас кейіпкер Дороти баласынан айырылып қалған соң, психикасы дұрыс болмайды. Ол енді қуыршақты баласы ретінде қабылдап, соны бағып-қағады, тіпті оған бала бағушы жалдайды. Жұмысқа жалданған Лиана да оны қуыршақ екен демей, бала баққандай бағады. Бірақ Лиананың да бұл үйге келуінің өзіндік құпиялары бар.

Walker

«Walker, Texas Ranger» классикалық сериалының жаңа нұсқасы. Бұл жаңа нұсқада екі жыл жасырын жұмыс істеп, екі баласын жалғыз өсірген Уокер Техас штатының Остин қаласына қайтып оралады. Ол жаңа өмір жағдайына бейімделіп жатқанда, әйелінің өліміне байланысты дүниелер кездейсоқ емес екенін ұғады.

Gossip Girl

2007 жылдары шығып, культке айналған «Gossip Girl» сериалының жаңа нұсқасы биыл HBO Max арнасынан шығады. Мұнда нью-йорктық жасөспірімдердің жаңа толқыны небір қызықты жағдайларды бастан кешіреді.

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button