Мәдениет

Apple Music VS Spotify: әр тыңдалым үшін музыкантқа қанша төлейді?

Әр стримиң-сервистің өз ішкі экономикасы бар, бірақ роялти жүйесі әрдайым айқын бола бермейді. The Wall Street Journal-дың айтуынша, Apple музыканттарға Apple Music-тің әр тыңдаушысы үшін, мысалы, Spotify-дан екі есе көп төлейді екен.

Мәселен, Apple компаниясы Apple Music-тегі бір тыңдалым үшін бір цент төлейді, ал жазылымнан түскен табыстың 52 пайызын авторлық құқық иелеріне береді.

Spotify бір тыңдалым үшін музыкантқа жарты центке дейін төлейді және өз кірісінің 75-80 пайызын авторлық құқық иелеріне береді. Сонымен бірге, бұл сервисте әртүрлі музыка тыңдайтын қолданушылар өте көп. Яғни бір қолданушы жүздеген, мыңдаған ән тыңдайды деген сөз.

Десе де, музыканттар төлемдерді тікелей алмайды. Біріншіден, стримиң-сервис төлемді авторлық құқық иелері – лейблдарға, музыкалық баспаларға және басқа да дистрибьюторларға аударады.

Spotify платформадағы барлық музыканттарды ай сайынғы тыңдаушылар санына қарай бірнеше санатқа бөлетінін де ескерте кетейік.

Мәселен, канадалық рэпер Дрейк жыл басында Spotify-дың ең көп тыңдалған орындаушысы болды. Ол Spotify тарихында осындай нәтижеге қол жеткізген алғашқы музыкант.

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button