Мәдениет

Columbia Pictures логотипіндегі қыз кім?

Columbia Pictures – 1919 жылы құрылған америкалық компания. Атақты әрі табысы мол фильмдердің көбін осы компания түсірген.

Оқырманның көбі бұл компанияның логотипін естерінде сақтаған болар. Ол жерде алау ұстап тұрған қыз бен «Columbia» деген жазу бейнеленген. Фильмнің алдында көрсетілетін бұл картина – оқиғаның ішпыстырарлық болмайтыны мен көрерменнің көңілінен шығатынының дәлелі іспетті.

Компанияның логотипі ерекше. Оның негізі – ежелгі грек құдайыларына ұқсайтын қыз.

Бастапқыда бұл компания CBC Film Sales Corporation деп аталған. Алайда оның негізін қалаушы Гэри Кон компания атының адамның назарын аударатындай ерекше еместігін түсініп, Columbia Pictures деп өзгертеді. Гэри Кон компанияны АҚШ-ты бейнелейтін Columbia (Колумбия) атты әйел образының құрметіне осылай атады.

Басшылық компанияның логотипінде сол Колумбия деген қыздың өзі болуы керек деп шешті.

1924-1928 жж.

Бастапқыда қыздың қолында алау емес, қалқан мен бұтақ болды. Бұл – Рим сарбазының келбеті еді.

1928-1936 жж.

Бұл жылдары қыздың қолындағы заттар өзгерді. Бір қолына алау, ал екінші қолына ештеңе ұстатылмады.

1936-1976 жж.

Логотиптің концепциясы 1928 жылы толық құрастырылған болатын. Содан бері аса көлемді өзгеріс болған жоқ. Тек оның графикалық дизайны заман талабына сай өзгеріп отырды. Бұл нұсқа тұтас 40 жыл қолданылды.

1976-1980 жж.

Түрлі-түсті логотиптер әлемді жаулап алды. Columbia Pictures те заманға ілесіп өзгеріп отырды.

1981-1992 жж.

Бұл – 1981 жылдан 1992 жылға дейін болған логотип.

1992 — қазіргі сәт

1992 жылы компанияның эмблемасы цифрлық форматқа көшетін болды. Жаңа логотип жасауды студия Майкла Дж. Диаса (Michael J. Deas) атты суретшіге тапсырды. Оның міндеті – логотиптің тарихи негізін сақтау еді.

Логотипті жасау үшін Майкл компанияда графикалық дизайнер болып жұмыс істейтін 28 жастағы Дженни Джозефтен көмек сұрады. Ол түскі үзіліс кезінде суретшінің өтінішін орындады.

Бұл Дженни Джозефтің модель ретіндегі ең алғашқы және соңғы түсірілімі болды. Алайда ол теледидардан басқа модельдерден де жиі көрінді дей аламыз.

Содан бері компанияның логотипі өзгерген жоқ. Алтын түсті «Columbia» жазуы, алау ұстап тұрған Дженни Джозеф.

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button