Мәдениет

Иманбек қазір қанша табыс табатынын айтты

«Грэмми» сыйлығын алған диджей әрі продюсер Иманбек Зейкенов қазір қалай атақты адамға айналып, зор табысқа ие болғанын айтты.

«Қазір менің бір концертім 10 мың еуродан басталады. Бірақ нақты бір концерттен қанша табатынымды дәл айту қиын. Алайда қазірге дейін қанша қаржы тапқанымды айта аламын. Шамамен қазір 10 млн рубль (56 млн теңге шамасында – Qadam) қаржы таптым», – деді Иманбек «По студиям» YouTube-арнасына берген сұқпатында.

Сөз арасында аты әлемге танымал диджей туған-туыстары мен достарының, жерлестерінің арасында қалай атақты болып кеткенін айтты. Бірақ мұндай жалпақшешейлік оған ұнамайтын көрінеді.

«Тіпті, танымайтындардың өзі менің арқамда хайп қуып қалғысы келеді. Мен өмірімде көрмеген адамдардың өзі маған келіп «бұрында балабақшада бірге болып едік қой», «мектепте бірге оқыдық емес пе» деп аяқ астынан таныс адам бола кетеді. Бұл маған ұнамайды. Бірақ сыр білдірмеуге тырысамын», – деп ағынан жарылды Иманбек.

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button