Мәдениет

Кітапсүйер қауымға Таласбек Әсемқұловқа арнап байқау жарияланды

Таласбек Әсемқұлов туралы жазылған мақалалар байқау жарияланды. Жүлде алғандарға ақшалай сыйлық табысталады.

Өткен жылы жазушы, күйші Таласбек Әсемқұловтың 65 жылдық мерей тойына орай жары Зира Наурызбаева әдеби байқау ұйымдастырған еді. Таласбек Әсемқұловтың шығармашылығын насихаттау мақсатында өткізілген байқау биыл да жалғасын таппақ.

Бәйгенің басты тақырыбы – Таласбектану:  Бас жүлде Таласбек Әсемқұловтың шығармашылығы туралы жазылған ең мықты зерттеу мақалаға беріледі.

Таласбек шығармашылығының әр қырынан талдап жазуға болады. Бір ғана талап − интеллектуалдық деңгей.

Таласбек туралы мақалалар я сілтемелерді үміткерлер сайттарға, болмаса  Фейсбук парақшаларына #TalasbekAsemkulov2021  хэштегімен салуы және talasbekasemkulov2021@gmail.com поштасына жолдауы тиіс.

Байқау өткізу уақыты:

Жариялаған күннен бастап 2021 жылдың 1 тамызына дейін ұсынылуы керек. Бәйге нәтижесі 2021 жылдың 23 қыркүйегінде жарияланады.

Ізденетін жастарға бір бағыт – Таласбектің 1973-95 жылдары жазылған, белгісіз мақала, әңгімелері кітапханадан табылып қалуы мүмкін. Телерадио, жеке архивтерде сол кезеңде жазылған хабарлар болуы мүмкін. Ондайды тапқан адамға сөзсіз бәйге беріледі.

Жеңімпаздар қаржылай сыйлықпен марапатталады:

1-орын – 150 000теңге

2-орын – 70 000 теңге

3-орын – 50 000 теңге

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button