Мәдениет

Netflix: мамыр айында не көреміз?

Мамыр айында демалыс көп. Ал Netflix бізге жаңа туындыларын көруді ұсынады.

ЮПИТЕРДІҢ МҰРАСЫ

Jupiter’s Legacy

Басталуы: 7 мамыр

Бір ғасырға жуық уақыт бойы әлемді суперқаһармандардың алғашқы ұрпағы қорғады. Енді олардың да ұрпақтарының ұлы мұрат жолында қызмет ететін кезегі келді.

ОТТЕГІ

Oxygène

Басталуы: 12 мамыр

Лиза криогендік камерада оянады және өзінің жадын жоғалтқанын түсінеді. Оттегі қоры азайып барады, өмірінің бітуіне тек 90 минут қалды. Енді ол тірі қалу үшін өткенін еске түсіру керек.

ТЕРЕЗЕДЕН СЫҒАЛАҒАН ӘЙЕЛ

The Woman in the Window

Басталуы: 14 мамыр

Агорафобиядан зардап шеккен әйел жаңа көршілерін аңди бастайды. Бір күні ол зорлық-зомбылықтың куәсі болады.

МАХАББАТ, АЖАЛ ЖӘНЕ РОБОТТАР: 2-ЖИНАҚ

Love, Death & Robots

Басталуы: 14 мамыр

Анимациялық антологиямен қайта қауышамыз. Жалаңаш алыптар, рождестволық жын-перілер және аласұрған роботтар… Керемет болары сөзсіз.

ӨЛІКТЕР АРМИЯСЫ

Army of the Dead

Басталуы: 21 мамыр

Зомби апокалипсисінен кейін тозығы жеткен Лас-Вегас бүкіл әлемнен байланыссыз қалады. Зомби соғысының ардагері Скотт Уордқа зомбилердің карантиндік аймағына жасырынып кіріп, жерасты қоймасынан 200 миллион долларды алып келу туралы ұсыныс түседі.

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button