Мәдениет

Түркияда қазақтың қара домбырасын серік еткен жапон жігіті

Түркияға жол түсіп жатса, демалыс орындарында күй тартып, қазақтың қара домбырасын күмбірлетіп отырған жігітті байқап қалсаңыз, «мынау өзіміздің қазақ қой» деп асықпаңыз. Себебі құйқылжытып күй орындаған жігіттің есімі Акира.

Жапониядан Түркияға көшіп келген Акира қазақтың ұлттық аспабында нақышына келтіріп ойнап, түрлі орындарда өнер көрсетіп жүр.

Акира есімді жапон жігіті музыкант, өз елінде консерватория бітірген және бірнеше аспапты да жетік меңгерген.

https://www.youtube.com/watch?v=uioEhNIl8vg&feature=share&fbclid=IwAR1PKH0FOD1zRbTtMza9nIS8mpBWeCM7EeNE2UEQAxHbn5AivYXgA2cz13o

Дереккөз: Хабар 24

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button