Мәдениет

ZERO-WASTE: Қоқыс шығармай өмір сүру мүмкін бе?

Қоқыс шығармай өмір сүру мүмкін бе? Әрине, мүмкін емес. Бірақ шығаратын қоқыстың мөлшерін азайтуға болады. Бұл қоршаған ортаңызға зиян келтірмеу үшін жасайтын алғашқы қадамыңыз болмақ. Qadam.Asia қоқыссыз өмір сүрудің бірнеше әдісін ұсынады.

Артық заттан арылыңыз

Тұтынушылардың қоғамында өмір сүретіндіктен, қалағанымыздың бәрін, тіпті қажет емес нәрсені де сатып алуға дағдыланғанбыз. Өміріңіздегі қалдықтарды азайту үшін төмендегі кеңестерді есте сақтаңыз:

  • Эмоциямен сатып алуды доғару керек. Қалаған затты алғаннан гөрі, нақты керек затты сатып алған дұрыс шешім болады;
  • Нақты керек заттардың тізімін жасаңыз;
  • Тез бұзылатын тағамдарды молынан алмаңыз.

Қайта пайдалану

Бір рет қана пайдаланған заттарды лақтырмас бұрын тағы да бірнеше рет іске жаратудың жолын іздеңіз. Мұндай заттар: пакеттер, крем құтылары, ескі киімдер, т.б. дүниелер болуы мүмкін.

Альтернативін іздеңіз

Бір рет қана пайдаланатын заттардың бірнеше рет пайдалануға болатын баламасын іздеңіз. Біздің ұсынатынымыз:

• пакет  сөмке, рюкзак; 

• целлофанды пакет – матадан тігілген дорба; 

• қағаз майлықтар – қол сүлгісі; 

• шай пакеттері – жапырақты шай; 

• бір реттік ұстара  станок; 

• макияжды өшіруге арналған бір реттік майлық – кокос майы + көп реттік мақта майлығы. 

Азықтүлік пен сусындар сатып алу

Дүкенге барғанда мата дорбаларды ғана емес, өз контейнеріңізді де қолдана аласыз. Ыдысыңыз таза болса болғаны, бұл санитарлық норманы бұзбайды. Кофені де өз саптыаяғыңызға құйдырып алуды ұмытпаңыз.

Ыдыс жуу

Ыдыс, киім жуғанда Fairy, Миф, Tide секілді арнайы жуғыштарға сеніп алғанымыз сонша, табиғи өнімдерді мүлдем қолданбайтын болдық. Ыдыс жууда Fairy-дің орнын мына заттар алмастыра алады:

• ас содасы ыдысты ағартады әрі арзан тұрады; 

• қыша ұнтағы майды жақсы кетіреді; 

• кір сабынды киім жууда ғана емес, ыдыс жуғанда да қолдануға болады. 

Осы кеңестерді міндетті түрде сақтап алыңыз және достарыңызбен де бөлісіңіз.

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button