Саяхат

Байлар таңдаған қонақ үй: Бір түні жарты миллион

Туризм саласы коронавирус пандемиясына байланысты дамуын тоқтатты. Десе де ауқатты адамдарға бұл мәселе тудырмады. Олар арнайы демалыс уақытын күтіп жүрген де жоқ. Qadam.asia атақты адамдар тұрақтайтын атақты қонақ үйлердің тізімін жасады.

Château La Roque, Ла-Рок-сюр-Перн, Франция

Бөлме құны: бір түнге 87 000 теңгеден басталады

Мұнда 2016 жылы Уильям ханзада мен жары Кейт Миддлтон балалары Джордж және Шарлоттамен жазғы демалыстарын өткізді.

Бұрын бұл жерде ХІ ғасырда салынған қамал болған. Қазіргі уақытта монументалды тас ғимарат қана орта ғасырды еске түсіреді. Ал қонақ үйдің ішінде қонақтарға арналған заманауи стильде жабдықталған бес бөлме бар.

Қамал бақпен қоршалған. Аңғарға қарайтын террасада бассейн орналасқан. Бұл – нағыз жазғы демалысты өткізуге арналған орын. Қонақ үйдің мейрамханасынан жергілікті шараптың дәмін татып көре аласыз.

Hassler Roma, Рим, Италия

Бөлме құны: бір түнге 234 000 теңгеден басталады

Бұл – Римдегі ең атақты қонақ үйлердің бірі. Қаланың қақ ортасында орналасқан қонақ үйді Чарльз ханзада мен Диана ханшайым, Швеция королі Густав VI Адольф, Феликс Люксембургский ханзада, Испания королі Хуан Карлос I таңдаған. Ал Монако ханзадасы Ренье III Грейс Келлимен бал айы кезінде осында бірнеше күнге аялдаған.

Monastero Santa Rosa Hotel & Spa, Конка-дей-Марини, Италия

Бөлме құны: бір түнге 258 000 теңгеден басталады

2012 жылы алғашқылардың бірі болып ресми ашылмаған бұл қонақ үйді Монако князі Альбер II мен ханшайым Шарлен бағалады. Мұнда ХVII ғасырда монастырь болған, ал бүгінде бұл – сәнді бес жұлдызды қонақ үй. Елестетіп көріңізші: жағалау, ортағасырлық әдемі ғимарат, терезеден қарағандағы таңқаларлық көрініс.

Мұнда кең әрі жайлы бөлмелер, жеке жағажай, терезесінен теңіз көрінетін үлкен ванна бар. Спа-орталық ортағасырлық қоймалар астында орналасқан. Ал мейрамханада италия асханасының тағамдары дайындалады. Сонымен қатар қоймадан алынған шарап пен жергілікті дәмді тағамдарды тұтынуыңызға болады.

Le Meurice, Париж, Франция

Бөлме құны: бір түнге 372 000 теңгеден басталады

Париждің әдемілігін көру әрі сезіну үшін Le Meurice-ке баруыңыз керек. Бұл жердің өз тарихы бар. Мұнда баллдар мен сән көрсетілімдері ұйымдастырылды. Ал президенттерге арналған бөлмелерде өте бай әрі атақты адамдар тұрақтаған. Олар: Греция королі Павел I әйелі Фредерика Греческаямен, Виндзор герцогі Эдуард VIII жұбайы Уоллиспен, Черногория князі Никола I, Иран шахы Мохаммед Реза Пехлеви, Бельгия королі Филипп.

2000 жылы қонақ үйдің 160 бөлмесі толық жөндеуден өтті. Сол себепті қазіргі таңда XVIII ғасырдың архитектурасы мен заманауи әлем ерекше үйлесім тауып тұр. Егер нағыз сарайда жүргім келеді десеңіз, жетінші қабаттағы корольдік люкті таңдаңыз: 500 квадрат метрлык бөлме, биіктік, хрусталь люстралар, антиквариат және қаланың әсем көрінісі. Сонымен қатар мұнда екі жұлдызды «Мишлен» мейрамханасы бар.

Round Hill Hotel & Villas, МонтегоБей, Ямайка

Бөлме құны: бір түнге 156 000 теңгеден басталады

Бұл қонақ үйде 2017 жылы Гарри және Меган Маркл ханзадалар болған. Мұнда Гарридің досы Том Инскип пен Лана Хьюз-Янгтың тойы өткен. Бас ғимаратта 36 бөлме бар, ал 27 үй бөлек орналасқан. Олардың барлығы жеке жағажайы, бассейндері мен мейрамханалары бар көркем шығанақтың жағасында.

Llangoed Hall, Бронлисс, Ұлыбритания

Бөлме құны: бір түнге 66 000 теңгеден басталады

Бұл ескі қонақ үйге Чарльз ханзада әр жылы бір аптаға келетін болған. Бөлмелердің бірінде оның алғыс хаты жазылған сурет те ілініп тұр. Шынымен де ханзада қызығатындай орын: бақша мен егістікке арналған 7 гектар жер, XVII ғасырда салынған ескі тас үй, жайлы бөлмелер, бағасы да ақылға қонымды.

The Matakauri Lodge, Квинстаун, Жаңа Зеландия

Бөлме құны: бір түнге 534 000 теңгеден басталады

Бұл қонақ үйде Уильям ханзада мен Кейт Миддлтон уақыт өткізген.

Мұндағы әрбір үйде таулар мен көл көрініп тұратын жеке терраса, кейбірінде джакузи бар. Сонымен қатар спа, бассейн және керемет мейрамханаға да бара аласыз.

Four Seasons Hotel, ЛосАнджелес, АҚШ

Бөлме құны: бір түнге 240 000 теңгеден басталады

2008 жылы Сауд Арабияның мұрагер ханзадасы Мухаммед бин Салман бин Абдель Азиз Аль Сауд Лос-Анджелеске сапары кезінде бүкіл қонақ үйді жалға алды.

Лос-Анджелестегі Four Seasons Hotel бес жұлдызды қонақ үйінде сіз күткен нәрсенің барлығы бар. Мұндағы бөлмелер үлкен, одан бөлек үлкен спа, бассейн бар. Қонақ үй мейрамханасынан италия асханасының тағамдарының дәмін татып көре аласыз.

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button