Технология

Эстетикаға толы HOME CAFE

Home cafе – адамдардың әлеуметтік желіде кафе мәзіріндегідей сусындарды өзі әзірлеп, әдемі видеомен бөлісетін блог түрі. Instagram-да home cafе хештегі үлкен танымалдылыққа ие. Бұл жағымды ASMR видеолар оқырмандардың көңіліне қуаныш әрі эстетикалық ләззат сыйлайды.

Авторы: lifewithtuyen

Үйде сусын жасау процесінің өзгелерден ерекшелігі – контенттің әбден ойластырылуы. Блогта детальға ерекше көңіл бөледі. Мысалы, арнайы шыныаяқтар мен стақандар, кофемашина, сүйкімді қасықтар және ыдысты қоюға арналған үйкек. Оқырманның назарын аударту үшін мұз қатыруға арналған ыдыстар мен қыстырғыштың басқаша түрлерін қолданады. Блог жүргізушілер балмұздақ, шәрбат, тапиока шарлары секілді заттарды қолданып, сусынды бірқилы етіп ұсынады.

Авторы: ramenbowl_t

Видеоның сапасы жақсы болу үшін артқы фон мен әуенді де талғаммен жасайды. ASMR видеоларда дауысты жақсы жеткізу үшін микрофон қолданады, сол арқылы сусынның дайындалу процесін рахаттанып тыңдай аласыз.

Авторы: 한세HANSE

Егер сырттан қымбат кофе алғыңыз келмесе, үйде Home cafе бойынша видеоларды қарап, өзіңіз жасап көріңіз. Себебі сусындарды қалауыңызша сәндеп, қалағаныңызша іше аласыз.

Дайындаған: Ақдидар Әбдімаулен

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button