Технология

Huawei жаңа фитнес-сағаты Қазақстанда: 10 күн қуаттауды қажет етпейді

Сонымен қатар, Huawei Watch Fit компанияның жаңа дисплей пішініне ие болған ақылды тасымалы құрылғылары қатарындағы алғашқы сағат болды. 

25 қыркүйек күні Алматыда үйде фитнеспен айналысуға арналған ақылды сағаттардың жаңа буынының тұсаукесері болып өтті. Huawei Watch Fit құрылғысына пайдаланушыларға түрлі жаттығуларды орындауға көмектесетін анимацияланған фитнес-бағдарламалар орнатылған, сонымен бірге, онда көптеген жаттығу режимдері, GPS бойынша тұрған орнын анықтау және денсаулық жағдайын мониторингтеу функциялары бар.

Сағат көбірек ақпарат көрсете алатын 1,64-дюймдік жарық AMOLED-дисплеймен жабдықталған. Салмағы 39 грамм болатын Huawei Watch Fit сағатын фитнес-білезікке ұқсатуға болады. Интеллектуалды алгоритм мен бірнеше қадағаны қолданатын жүрек ырғағын мониторингтеуге арналған HUAWEI TruSeen™ 4.0 жаңартылған технологиясы жүрек ырғағының, қандағы оттегі деңгейінің, ұйқы сапасы мен күйзеліс деңгейінің тәулік бойғы дәл мониторингін қамтамасыз етеді. Барлық мәліметтер пайдаланушыларға анағұрлым салауатты өмір салтын ұстануға және фитнес-нәтижелерін жоғарлатуға көмектесу мақсатында талдаулар жасау және кеңестер беру үшін пайдаланылады.

Huawei Watch Fit — анимацияланған фитнес сабақтарының тарапынан қолдауға ие болған алғашқы сағат. Сағат анимацияланған 12 сабақтағы 44 стандартты жаттығуды қиыстыра отырып, кез келген уақытта, дербес тәлімгер жалдау қажетінсіз, қарапайым және қолжетімді жаттығу тәсілдерін ұсынады. Бұдан басқа, Huawei Watch Fit спорттық жүгіруді жақсы көретіндер үшін арнайы әзірленген 13 жүгіру сабағын ұсынады. Сағат нақты уақыт ішіндегі жүгіру параметрлерін қадағалайды және жаттығуды оңтайландыруға көмектеседі. Сондай-ақ, бұл құрылғы ашық аспан астындағы фитнеске арналған 96 бағдарламаны, кіріктірілген GPS және 5 атмосфераға дейінгі суға төзімділікті қамтиды.  

Ауқымы шағын болғанымен, сағат қуаттандырусыз әдеттегі пайдалану нұсқауларында 10 күнге дейін жұмыс істеуге қабілетті және батареясын күні бойына небәрі бес минут ішінде толтыруға мүмкіндік беретін тез қуаттау технологиясымен жабдықталған.

Жаңа сағатты таныстыру аясында ашық аспан астындағы автокинотеатрда гигиеналық шарттарды толығымен сақтай отырып, “Balkhash Ice Challenge” атты бірегей веложарыс туралы фильм көрсетілді. Әйгілі қазақстандық велосаяхатшы және трейлраннинг әуесқойы Александр Габченко жеке өзі велосипедпен қысқы уақытта қатқан Балқаш көлінің мұзды бетімен 250 км жүріп өткен. Huaweiкомпаниясы осы экспедицияның ресми серіктесі болды. 

Мұхтарәлі Ибраев, Қазақстандағы және Орта Азия елдеріндегі Huawei Device PR-менеджері:

«Huawei компаниясы біздің пайдаланушыларымызға телефонмен байланысу болсын, планшетте құжаттармен жұмыс істеу немесе спортпен шұғылдану болсын, күнделікті міндеттерін орындауда көмек көрсетуге арналған өз құрылғыларының экожүйесін дамытуда белсенді түрде жұмыс атқарып келеді. Жаңа ғаламдық сын-қатерлер біздің клиенттеріміздің денсаулығы мен өмір салтына қатысты компанияның жаңа ұстанымын дамытуға түрткі болды. Біз спорт пен қозғалысты қолдаймыз. Сондықтан біздің өнімдеріміздің қатары біртіндеп кеңейіп келеді: осыдан жарты жыл бұрын Александр Габченко Watch GT2 сағатымен өзінің экстремалды веложарысын орындаған болса, бүгінгі күні біз үлкен AMOLED дисплейі бар, үздіксіз 10 күнге дейін автономды жұмыс істейтін және денсаулыққа мониторинг жасайтын, жаңа пайдалану тәжірибесін ұсынатын Huawei Watch Fitсағатының жаңа буынын қуана ұсынып отырмыз».   

Қазақстан үшін бірегей мұздағы жекелей веложарыстың сәтті аяқталуына орай, сондай-ақ әуесқойлар велоспортын және ішкі туризмді дәріптеуді қолдай отырып, Олимпиада чемпионы Александр Винокуров атындағы велоспортты дамыту қорының дирекциясы Александр Габченкоға ризашылығын білдіріп, «Құрмет» грамотасын қордың атқарушы директоры Берік Бижігітов табыстады.

Жаңа сағат Қазақстанда сатылымға барлық ірі электронды техника дүкендеріне 28 қыркүйекте түседі. Huawei Watch Fit Active және Elegant екі нұсқада ұсынылатын болады. Active нұсқасындағы ресми ұсынылған бағасы – 59 990 теңге. Қолжетімді түстері: қара, жалбыз түстес жасыл, қызғылт. 

Elegant нұсқасы қазан айының соңында қара түсте 69 990 теңгеге қолжетімді болады.  

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button